|  | 

Суреттер сөйлейді

Қазақтың ТЫҢ тарихы

Осы кісілердің керемет дәстүрі үзіліп қалды. Ашаршылық жылдары ең алдымен қыздарды сатқан екен. Олар ана болып, шешелерінің ғасырлар бойы жинаған өнегесі мен тәрбиесін келесі буынға табыстап кете алмады….

Ana

Осы кісілердің керемет дәстүрі үзіліп қалды. Ашаршылық жылдары ең алдымен қыздарды сатқан екен. Олар ана болып, шешелерінің ғасырлар бойы жинаған өнегесі мен тәрбиесін келесі буынға табыстап кете алмады….
Tekes alqabindagi uy 1911.03.25

 

Қазақ “есті қыз етегін қымтайды” деген. Мына суретті арсыз қоғамда ар-ұяты мен иманын түгендеп, қайта қымтанып жатқан сондай қыздарды “араптарға еліктеп жүр” дейтін әпенділерге арнадым….Analar

“Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса..Нені көрем?” Мұқағали Мақатаев..Aqlymeshek

Осы кісінің бекзат болмысы мен сұлулығына тәнтімін. 1899 жылы Семей өңірінде түсірілген сурет. Қайда осындай қазақтар? Шынымен де енді бұларды музейден ғана көреміз бе?…1889 semey  aymagi

 

“Кимешекті кемпірлер ғана киген” деген кейінгі жылдары қалыптасқан қасаң көзқарастан арылу керек. Осы топтағы мен жариялаған ескі суреттерде кимешекті келіншектердің тоқсан пайызы он сегіз бен отыз сегіздің аралығындағы жастар болатын….kymeshekter

Бодандық кезеңде қалыптасқан тарихи таным қазақтарды қатты шатастырып жіберді. Әл-Фараби (Есімі әл-Фараби емес еді ғой), Зарина, Аида, тссс дүбәра атаулар қаптап кетті. Мысалы, көп адам қызына “Томирис” деген ат қойды. Оның өзін айтылу заңдылығы бойынша тАмирис деп емес, орыс грамматикасының ықпалымен “тОмирис” деп жазатын болдық. “Ис” деген грек тілінің жұрнағы еді. Қаншама академиктеріміз бен тарихшыларымыз соның әуелгі атауын да тауып бере алмапты ғой. Егер сол “ис”-ті алып тастасақ, “Тамир” деген сөз қалады. Бұл қазақтың баяғыдан келе жатқан “тамыр” деген сөзі емес пе?! “Массагетті” де сақ тайпасының атауы деп көкіп жүрміз. Осының да түпнұсқасын тапқан бір адам жоқ. Қаншама кітап жазылып кетті. Меніңше, “МассаГЕТ” дегендегі “гет” сөзі өзіміздің “құт” дегеннен шыққан. ТәңірҚҰТ, ТарҚҰТай, ТүрҚҰТ (түрік), тіпті ғұндардың атауы да осыдан тарауы ықтимал. Себебі, Еуропалықтар мен Геродоттың еңбектерінде скифтерді “Гот”, “гет”, “гут” деп әртүрлі атайды. Түбірінде сол “ҚҰТ” деген сөз жатқаны көрініп тұр. Бұл сөз қазақтың да бүкіл болмысына кірігіп кеткен. Тіпті, қатын (ҚҰТ-ын. Үйдің құты) деген сөздің өзі осыдан шыққан тәрізді. Оны қойшы, ҚҰТ ағатын құтақты қайда қоямыз? kiki emoticonTomyris

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарға жіберілген листовкалар:

ҚАЗАҚТАР!

Көп жылдардан бері большевиктер мен жүхүттер (жөйттер) қол астында езілдіңіздер. Олар сіздерді ұрды, соқты, тұтқынға алды, мыңдаған кінәсіздерді Сібірге айдады. Сіздерді зорлықпен колкозға кіргізіп, еріксіз құл қылды. Өлім алдындағы большевиктер — Сталин қазір де сіздерді қойдай топтап, өздерін сақтап қалмақ үшін біздің оққа қарсы айдап жатыр, сіздер біздің күшті құралымыздың қарсысында босқа құрып кетесіздер. Өткен июль айында сіздер үйлеріңізде едіңіздер, ал қазір Сталиннің диктатурасы үшін сіздерді өлімге, фронтқа айдап келді.

Сіздерге өш алатын күн туды. Күнәсіз өліп кеткен бауырларыңыз үшін өш алыңыздар!

Орыс большевиктер жендеттеріне жәрдем бермеңіздер!

Герман елі сіздерге қол үшін созды!

Герман әскерлері Еділдің бірқатар белгілі жерлеріне келіп жетті.

Герман әскерлері сіздерге қарсы соғыспайды, олар сіздердің дұшпандарыңызға қарсы соғысады.

Біздің жаққа өтіңіздер, аз күнде бостандық алып, жұртыңызға қайтасыздар.Qazaqtarga qat

Қазақтың ТЫҢ тарихы парақшасына алынды

Related Articles

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: