|  | 

Жаһан жаңалықтары

ИМ содыры Сириядағы қазақ балалары суретін жариялады

«ВКонтакте» желісіне тіркелген «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы өкілі өзін «қазақстандықпын» деп таныстырып, Сириядағы қырғыз және қазақ балалардың суреттерін жариялады.

ИМ содыры

ИМ содыры “Артем Авдеев” жариялаған суреттің бірі.

   Өзін «Артем» деп атаған содырдың сөзіне қарағанда, ол «Сирияға Қазақстанның Каспий теңізі жағалауындағы Атырау қаласынан барған». Маусымның 13-і күні оның «ВКонтакте» желісіндегі парақшасы құлыпталды. Бірақ Азаттық ол жариялаған «Орталық Азиядан барған балалар» суреттерінің біразын көшіріп алды.

СИРИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ

“Артемнің” екі баласымен түскен суреті.

Қырғыз көршілері тәрізді Сирияда соғысып жүрген қазақтардың біразы бала-шағасын өздерімен ала кеткен. 2013 жылдың қарашасында жарияланған видеода 150-дей қазақ «әйелдері мен балаларын Сирияға алып келгендерін» мәлімдейді.

Қырғызстан тәрізді Қазақстан да этникалық қазақ балаларының ИМ бақылайтын аймақта екеніне сенгісі келмейді. Өткен жылы Қазақстан үкіметі әскери дайындықтан өтіп жатқан қазақ балаларын (ақпарат иесі солай дейді) көрсеткен ИМ видеосына тыйым салды.

«Артемнің» желідегі парақшасы Қазақстан үкіметін де тіксінтіп тастағандай, себебі «Артем» ол жерде кем дегенде екі қазақ баласының фотосын жариялады. ИМ содыры бір ұл, бір қызды «өз балаларым» деп таныстырады.

Ер баланың суреті астына ол «ұлым Әбдірахман» деп жазған. Суреттегі 10-ға толмаған ұл бала қара түсті ИМ туының астында отыр.

Басқа суреттерде «Артем» ұлымен және «өзімнің қызым» деп таныстырған қыз баламен жеке түскен. Тағы бір фотода сырт келбеті орталықазиялықтарға ұқсайтын белгісіз ұл бала қару ұстап, ИМ содырларына тән ишарамен саусағын жоғары көтеріп тұр.

“Артем” жариялаған суреттің бірі.

Енді бір суретте сондай бір бала үлкен пышақ ұстап тұр. Екі баланың суретінің астына «Артем» «Стамбул, 2012» деп жазған, демек Сирияға аттанар алдында сонда болған немесе Сирияға Түркия арқылы өткен.

СИРИЯДА ҚАНША ҚЫРҒЫЗ ЖҮР?

Ал саусымның 9-ы күні салған суретінде «Артем» дүкеннің алдында екі кішкентай ұл баламен отыр, өзі оларды «қырғыздар» деп сипаттайды. Әлі 10 жасқа толмаған балалар әскери форма киген.

«Артем» парақшасына тыйым салынбай тұрып-ақ «қырғызстандық балалардың» суретін өшіріп тастаған тәрізді, себебі оған Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мен тілшілер ерекше назар аударды. Маусымның 13-і күні кремльшіл Sputnik.kg сайты «ҰҚМК суреттерді зерттеп жатыр» деп жазған еді.

ҰҚМК ресми өкілі Рахат Сулайманов «Бұл мәлімет тексерілуге тиіс. «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы басып алған аймақтарда түр-келбеті бізге ұқсайтын бірнеше ұлт өкілдері бар. Жағдайды анықтау керек» деп мәлімдеді. Сулаймановтың мамырдың 28-і күнгі дерегі бойынша, «Сирияда, ИМ құрамында 300-дей қырғыз азаматы соғысып жүр». Олардың біразы «отбасын өздерімен ала кеткен, шамамен он шақты бала бар».

Маусымның 15-і күні 24.kg сайтының жазуынша, Қырғызстан ішкі істер министрлігінің террорға қарсы күрес департаменті «Сирия мен Иракта 352 қырғыз ұлтының өкілі бар, олардың 49-ы әйел, 22-сі балалар» деп хабарлаған. Ал Бішкек ИМ басып алған аумақтардағы қырғыздардың санын барынша азайтып көрсеткісі келеді.

“Артем” жариялаған қырғызстандық балалардың бірі.

ҰҚМК тіпті «Сирия мен Иракта соғысып жүрген қырғызстандықтардың 80 пайызы – этникалық өзбектер» деп мәлімдеді.

Террорға қарсы ІІМ департаменті де осыған ұқсас мәлімдеме жасап, «352 қырғызстандықтың 249-ы – этникалық өзбектер» деді. Бірақ министрлік оны растайтын деректер ұсынбады.

Кейбір сарапшылар «ИМ сапында (Ирак пен Сирияда) жүрген қырғыздардың саны 352-ден әлдеқайда көп» деседі. Қаңтар айында Халықаралық дағдарыс тобы (ХДТ) жариялаған есепке қарағанда, Орталық Азиядағы бес постсоветтік ел – Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан және Тәжікстаннан ИМ-ге қосылған азаматтар саны 2 мыңнан 4 мыңға дейін жеткен.

Сирияда соғысып жүрген қырғыздардың саны ресми мәлімдемеден көп екенін кейбір қырғыз шенеуніктері де мойындайды. Қырғызстан қорғаныс кеңесі хатшысының өкілі маусымның 16-сы күнгі Орталық Азия қауіпсіздігі мәселесіне қатысты жиында осыны айтты. Рысбек Әбдісаттаров Азаттықтың Қырғыз қызметіне «Сирияға кеткен қырғыздардың саны мың адамдай болса керек. Көбіне елдің оңтүстік аудандарының тұрғындары кетіп жатыр» деді.

“Артем” жариялаған қырғызстандық бала.

Сондықтан ИМ бақылап отырған Ирак пен Сирия аймақтарындағы қырғыз балалардың саны 10 немесе тіпті 22-ден көп деп болжауға негіз бар. ХДТ-ның Орталық Азия жобасының директоры Дейдра Тайнан маусымның 15-і күні Азаттыққа «ИМ қатарына қосылуға үгіттеу Қырғызстанда жалғасып жатыр» деді.

«Өткен жылы дағдарыс тобы оңтүстік Қырғызстандағы ИМ-ге қосылуға ниеттілермен сөйлесті, олардың ішінде әртүрлі жастағы балалары бар әйелдер де болды, олар балаларын алып баратындарын айтты» дейді Тайнан. Оның сөзіне қарағанда, жеткіншек балалар да Сирияда не болып жатқанынан «хабардар», әрі ол жаққа барғылары келеді.

Тайнан «Кем дегенде бір отбасының Сирияда сәбилерін өмірге әкелгенін білемін» дейді. Ол әйелдің анасы қызы мен немересінің жанында болу үшін Қырғызстаннан кетіп қалған. Үйінде тек әкесі мен мектеп жасындағы ұл бала ғана қалған.

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА БАРАМЫЗ»

«Артемнің» әлеуметтік желідегі парақшасына қарап отырып, қазақстандық содырдың ой-пікірі жайлы да ой түюге болады. Ол ИМ басып алған Сирия және Ирак аумағына кем дегенде екі баласын әкелсе де, олардың анасын әкелмеген немесе өзіне екінші әйел іздеп жүргенге ұқсайды.

Қазір өшіріліп тасталған жазбаларында «Артем» «әйел керек екенін» жазған еді. Бір суреттің астына «Әлемге бейбітшілік, маған әйел берші» деген. Ол опат болған ИМ содырлары үшін қайғырады, маусымның 8-і күні «Жиһадта» достарыңнан айрылған қандай қиын. Әбу Хамза бауырымдай болып кетіп еді» деп жазған.

“Артемнің” жазбасы.

Тағы бір жазбасында «Артем» ИМ сапында соғысып жүріп дүние салған өзбек «жанкештілерін» мақтайды. Ол «ИМ баспасөз бөлмесі» деп аталатын жерде басқа содырлармен түскен суреттерін де жариялаған. Маусымның 7-сі күні «Артем» «ИМ Орталық Азияға келеді» деп қорқытады.

Ол «Иншаллаһ, Қырғызстаннан Қазақстанға, Тәжікстанға өтеміз» деп жазған. «Онда барған соң Орталық Азияда қамауда отырған тұтқындарды босатамыз» деп уәде береді. «Алла атымен ант етемін, бауырлар, дінсіздер қамауында отырған сендерді ұмытқан жоқпыз. Жақында келіп босатып аламыз» дейді ол.

Басқа орталықазиялық содырлар «отанымызға оралып, сол жақта соғысамыз» деп қорқытса да, жетекшілерінің оларды қолдай қоюы екіталай. ИМ үйіне қайтып, сол жақта «жиһад» жасамақ болғандарға тыйым салған тәрізді. Тәжік содырлары тобы қаңтарда ИМ басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадиден «Тәжікстанға оралып, сонда соғыс ашуды сұрағанда рұқсат ала алмай, Сирияда қалуға мәжбүр болғандарын» хабарлаған еді.

Йоанна Паражчуктің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

Динара ӘЛІМЖАН

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: