НҰРТАС ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АРАСЫНАН ШҮКЕНОВ ПЕН РЫМБАЕВАДАН БАСЫП ОЗБАҚ
Қазақстанда ресми түрде «Ел тұлғасы» деп аталатын жоба басталды. Яғни, алдағы күзде жетістіктерге жетіп, өз саласында бағы жанғандардың есімі анық болады.
Осыдан үш жыл бұрын дауыс беру жүргізілгенде қатысушылар саны 120 мың адамды құраған болатын. Биыл жобаның байқау кезеңінің өзінде 3000-нан астам адам өз таңдауын жасап үлгерді.
«Мұндай жоба алғаш рет Ұлыбританияда өтіп, Уинстон Черчилль жеңіске жеткен болатын. Ал, Ресейде бірнеше жыл бұрын дауыс беру нәтижесі Ленин, Сталин мен Высоцкий есімдері құрметке ие болғанын көрсетті. Ал Қазақстандағы нұсқадан позитивті жағдай күтеміз.
Жоба мақсаты – патриотизмді арттыру. Қазақстандықтар шетелдік арналарды көрреді, отандық өнімдерге күмәнмен қарайды. Аталған жоба өз өзімізді құрмттеуге бағытталған»,- дейді ұйымдастырушылардың бірі, «Эксклюзив» журналының бас редакторы Қарлығаш Еженова.
«Келинка Сабина» фильмінің режиссері, сондай-ақ «Мәдениет және өнер» бөлімінің үміткері Нұртас Адамбаев қазақстандықтар өз ойларын қалыптастыру керек дейді.
«Өзім көп жылдар бойы КВН ойнадым. Ол бағдарламаның өзі тұрақты идеологияны насихаттайды. Бір жылы әзіліміз «ақылын басқара алмайтын» Джордж Буш туралы болды. Кейіннен ол өз өзіне «Неге?» деген сұрақ қояды. Әркім өз ойын қалыптастыру керек. Өзіміздің тұлғаларымыз болғанға не жетсін?!»,- дейді Адамбаев.
Үміткерлерге дауыс беру «Эксклюзив» журналының сайтында жүргізіліп жатыр. 8785 нөміріне СМС жолдауға да болады.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, «Бизнес» аталымына Тимур Кулибаев, Дінмұхамет Ыдырысов пен Үміт Шаяхметова үмітті. «Мәдениет және өнер» аталымында «Муз ТВ»- да топ жарған Қайтар Нұртас Батырхан Шүкенов пен Роза Рымбаеваны басып озады деген ақпарат бар. «Тарихтағы тұлға» атты жаңа аталымда таңдаушылар Абай мен Ахмет Байтұрсыновқа, «Қоғам қайраткері» номинациясында Досым Сәтбаев пен Евгений Жовтисқа көп дауыс берген. «Спорт» аталымыныда үміткерлер Илья Ильин, Самат Смақов, Денис Тен мен Геннадий Головкин.
Қорытынды ағымдағы жылдың қыркүйегінде белгілі болады.
baistars.kz
Пікір қалдыру