|  |  | 

Жаңалықтар Тұлғалар

Азамат деп Асхатты айт!

Қайда қарасаңыз да, айналадағы жағымсыз жаңалықтардан көз сүрiнедi: iшiп қою, жеп қою, тонап кету, атып кету, пәленбай миллион долларды қалтаға басып шетел асып кету, түгенбай миллион парамен ұсталып қалу және т.б. т.с.с. Ғалымдардың айтуына сенсек, осындай жағымсыз жаңалықтарды ести-ести iшқұсалыққа ұрынған адамдар да бар екен арамызда.

Ал бұл жолғы жаңалық… Шын мәнiнде, Дәуiт пайғамбардың шамдалының жарығы түскендей сәуле­лi, жағымды жаңалық. Ендi осы жаңалықпен танысалық. 25 жастағы Асхат Мырзабаев Англияда “Barclays” атты банктер жүйесiнде жұмыс iстеп жүрiп, 2 миллион доллар табыс тауыпты. Жақында Асхат осы 2 миллион долларды қа­терлi iсiктi (рак) зерттейтiн халық­аралық ғылыми орталыққа аудар­ған. Бұл жөнiнде Асхаттың өзi не дей­дi? Құлақ түрелiк:
– Онкологиялық ауруханаларды көбейткеннен ештеңе өнбейдi, одан да қатерлi iсiк қалай, қайдан, неден пайда болады, осы мәселеге терең ден қоюымыз керек. Сол үшiн мен де өзiмнiң 2 миллион долларымды қатерлi iсiктi зерттеп жүрген ғылыми орталыққа аудардым. Ғалымдарға көмек болсын деп… Менiң басты мақсатым – ақша емес. Iскер адамға ақша табу қиын емес. Ең басты мәселе – сол ақшаны қайда жұмсай бiлуде. Менiң өз ойымша, ақша тек пайдалы, игiлiктi iске жұмсалуға тиiс. Адамзатқа пайдасы тиетiн тiрлiкке жұмсалмаған ақша – ақша емес…
25 жас. Асхаттың да нағыз қызық қуатын, қыз қуатын, қыдыратын (түнгi клуб, яхта, түрлi сейiл-серуен), қымбат автокөлiкке мiнiп, қымбат пәтерлер жалдап, ақшаны оңды-солды шашатын, осылайша “айхай, 25-тi” армансыз өткiзетiн кезi емес пе?! Жоқ, Асхат, Қазақстандағы қызға да, қызыққа да, қызметке де тоймайтын, ақшаға да тоймайтын, басқаға да тоймайтын ағалары секiлдi емес, басқа жолды таңдап отыр. Иманды, игiлiктi, қа­йырлы жолды.
Бәлкiм, бұл бiздiң тазара бастауымыздың басы шығар? Бәлкiм, бұл бiздiң адамдық болмысымыз­ға, адамгершiлiкке қайта оралуымыздың бiр белгiсi болар? Не десек те, қайырлы болсын!
Асхат Мырзабаев өзiнiң блогер Бота Жұмановаға берген сұхбатында тағы да бүй дейдi:
– Қазақстанда талантты қазақ жiгiттерi (“хайперлер”) аз емес. Осылардың Еуропаның ең үздiк компанияларына жұмысқа орналасуына қол ұшымды берсем деймiн.
Қандай жақсы ниет! Ниетiңе жет, Асхат!
Әмiр Нұртайұлы.
zhasalash.kz

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: