|  | 

Тұлғалар

ӘР СӨЗІ – АЛТЫН НҰРЕКЕҢ!

1991 жылдың басында әуелі “Қайт, қазақ Отаныңа!” деп Қазақстанның зиялы қауымы бас көтерсе, ел Президенті Н.Назарбаев “Алыстағы ағайындарға ақ тілек” атты әйгілі хатын жария­лады. Хатта: “Атамекенге келемін деушілерге жол ашық, ата-баба аруағы алдарыңнан жарылқасын”, – деген ақ тілек айтылған. Осы хат онсыз да елпілдеп, елегізіп отырған шетелдегі қазақ қауымын рухтандырды. 1992 жылдың 28-қыркүйегінде президентіміздің бастамасымен Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Тәуелсіздік алған тұста репатриация процесін реттеуші негізгі құқықтық құжат – 1992 жылғы 26 маусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болды.

ҚР Министрлер Кабинеті 1992 жылы 23 қыр­күйекте қабылдаған «Шет елдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Респуб­ликасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» әйгілі №791 қаулысы алыстан арып-шаршап жеткен ағайынның осы топырақта өсіп-өніп өмір сүруіне оңтайлы жағдайлар жасады. Оралмандардың көпшілігі үй-жай және басқалай жеңілдіктерге қол жеткізді.

Бірінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қырқүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Құрылтай барысында әлем қазақтарының ұйытқысы болатын қауымдастық құрылды. Ең бастысы – тұңғыш Құрылтай алыстағы ағайынның елге оралатын ұлы көшіне қозғау салып берді. Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: “…Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз” – деп, «Бар қазақ – бір қазақ» деген сарындағы жалынды сөз сөйледі.

Президенті Жарлығымен 1996 жылы қабылданған «Шет елдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы мем­лекеттік бағдарлама» және 1997 жылы қабылданған «2000 жылға дейінгі көші-қон саясатының негізгі бағыт­тары» туралы қуатты құжаттар жасалды.

1997 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауындағы «күшті демографиялық саясат – елдің ұлттық қауiпсiздiгiнiң басымдығы ретінде» көрсетілуіне сай, 1997 жылғы 13 желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Бұл заңда шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты, оның ішінде, мәдени ынтымақтастық пен ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты қолдау мен дамытуға, этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесуге айтарлықтай көңіл бөлінді. Алайда, аталған заңның 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» № 477-IV Заңмен күші жойылды.

2002 жылғы 23 қазанда Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өткізілді. Бұл жиында оралмандар үшін өзекті  көшіп келу, білім алу, еңбек ету мәселелері жан-жақты қаралды. Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы 2005 жылғы 28-30 қырқүйек аралығында Астана қаласында өткізілді. Бұл құрылтайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1991-2005 жылдар аралығында елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударғандығын айта келіп, еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейгендігін атап өтті. Елбасы әлемдегі әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұратынын, қазақтарды тарихи отанға жинап, біріктірудің маңызын ерекше атап өтті. Сол кезеңдегі Көші-қон және демография агенттігінің мәліметтері бойынша, 1991-2006 жылдары шет елдерден келген оралмандардың жалпы саны 143343 жанұя  шамамен, 565757 адам болған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 224 бұйрығымен Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілді. Бұл мәртебе де, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013 № 329-ө-м бұйрығымен алынып тасталды.

«Үкіметтің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-2014 жылдары жыл сайын 10 мың оралман отбасыға квота бөлінеді деп бекітілген болатын. Үкімет бұл қаулыны кері қайтарып алды», – деген Көші-қон полициясының хабарламасы талай қазақтың үмітін су сепкендей басты. 2012 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Үкіметі бұл қаулыны кері қайтарып алды. Елбасының айтқаны неге іске асырылмай қалғаны беймәлім. Көші-қон органы қысқа ғана: «Квота дұрыс бөлінбеген, аймақтық ерекшеліктер ескерілмеген. Олқылық түзелген соң бәрі қалпына келеді» деген түсіндірме берді. Квотаға қол жеткізу мұң болып тұрғанда, жығылғанға жұдырықтай болып, оралмандарға азаматтық беруді 4 жылға дейін созатын жаңа талап заңды түрде бекітіліп кетті. Осылайша, тәуелсіздік алған кезеңнен бері бір ізді жүргізілген этникалық көші-қон саясаты сұйылып, «Нұрлы көштің» соңы сиыр құйымшақтанып, Ата жұртқа жол тартқан қандастарымыздың  көші дағдарып қалды.

2014 жылы, 6 тамыздағы үкіметтің біріккен отырысында Елбасы қазақ көшінің саябырлап қалғанын айтып, көшті жандандыруға тапсырма берді. Осы отырыста Елбасының алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара  Әбдіқалықова парламентке сол жылы күзде жаңа заң өткізіп, қабылдатар сөз айтқан. Алайда, әлі нәтиже жоқ.

Қандастарымыздың Қазақстан аумағына қоныстануындағы материалдық және құжаттық мәселелерін реттейтін заң әлі қабылданбады. Бұл мәселені ішінара парламент депутаттары, қазақ тілді БАҚ, журналистер мен қоғам қайраткерлері үздіксіз көтеріп келеді.

Оралман тағдыры — қазақ тағдыры, Қазақ тағдыры – Қазақ елінің тағдыры екені ақиқат. Демографиялық мәселесі өткір Қазақ қоғамының аса үлкен сұраныс талабы мен қажеттілігін былай қойғанда, Елбасының өзі ылғи да көңіл бөліп келе жатқан шетелдегі қандастарымызды тезірек отанға оралту мәселесінің тиісті шешімін әлі таба алмауына қандай батпанның кедергі екенін түсіну қиын. Қазақ адым аттағанша жеті айналатын жер жаһанның төсінде гүлденген Қазақ деген елдің атағы аспандауы үшін қазақ жұдырықтай жұмылуы керек. Елбасының өзі айтқан әр үшінші қазақтың әлі күнге жанары жәудіреп шетелде жүруі бәрімізге де сын. Қаншалықты кешіктіріп алсақ та, қажетті қадамымыз тезірек жасалса деп билікке телміріп келеміз. Қазақ көбеймей қазақтың мәселесін шешілмейтінін бәріміздің де түсінер уақытымыз жетті. Осы мәселеде қолынан қағаз өткізіп отырған мәнсапты жандар Елбасының қандатарымыз жайлы айтқан алтындай әр сөзіне зер салса, Елбасы мен елдің тілегін тезірек орындаса дейміз.

 

Abai.kz

Related Articles

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: