|  | 

Саясат

АЙМАННЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА МИНИСТРЛІК ЖАУАБЫ

Естеріңізде болса, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның жанайқайы туралы Abai.kz порталы да бірқатар БАҚ-тың қатарында мәселелер көтеріп, материалдар, хаттаржариялады. Қоғамдық талқы мен талап текке қалмаса керек, Abai.kz поштасына Айман Сағидуллаева жіберген Министрліктің ақпараттық хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз:


 

 

Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кейбір өңірлердегі, дәлірек айтқанда Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі А.Сағидоллаеваның мектеп мұғалімдері еңбегінің заңсыз пайдаланатындығы жөніндегі үндеуі және жалпы мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ақпараттардың тарап жатқаны белгілі. ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы мәселеге қатысты мынаны хабарлайды:
Аталған мәселеге қозғау салған Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі А.Сағидоллаеваның осы жылдың мамыр айында жасаған алғашқы жарияланымынан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігі жұмыс тәртібімен Қарасай ауданындағы қалыптасқан жағдаймен танысып, орта білім беру ошақтарындағы еңбек жағдайын қатаң бақылауға алды. Мұғалімдердің сұрау салуынан кейін және халық ақыны Мұхтар Шахановтың жазған ашық хатына байланысты министрлік орта білім беру ұйымдарының қызметі жергілікті атқарушы органдарға қарасты болғандықтан Алматы облысы әкімдігіне арнайы хат жолдады.
Атап өткеніміз жөн, Алматы облысы білім беру басқармасы бүгінгі таңда Жаңатұрмыс мектебінің жұмысындағы кемшіліктер жойылды, ал А.Сағидоллаеваның жұмыстан заңсыз шығарылғандығы жөніндегі ақпарат расталмады.

Министрлік өз тарапынан бұндай жағдайға жол беруге болмайтындығын ресми түрде хабарлайды, сондай-ақ, оқу үдерісінің бүкіл қатысушыларын және жетекшілік ететін органдарды, ұстаздар мен білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға шақырады.
Осы мақсатта министрлік арнайы жұмыстар атқарып келеді: жыл сайын мұғалімдерін біліктіліктерін арттыру мақсатында гранттар бөліп, педагогикалық мамандығына оқуға түсетін жастар үшін оқу ақысын арзандатты. Ұстаздардың біліктілігін арттырудың стратегиялық түрлі бағдарламалар бойынша олардың қабілеттіліктерін арттырып, еңбек ақысын жоғарылатудың жоспары бекітілді.
Министрлік қоғамдағы жағдайға, соның ішінде мұғалімдердің жағдайына бей-жай қарамай, өз пікірлерін белсенді білдіріп, азаматтық танытқан мақала авторларына алғыс білдіреді, сондай-ақ талқыға салынып жүрген білім жүйесіндегі өткір мәселелер болашақта болмайды деген сенімде.

17.07.2015

Білім және ғылым министрлігі.


 

Abai.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: