Көз қарас
Ең батыл еркек кiм?
Жақында орыс ғалымдары “Ең батыл еркек кiм?” деген сауалға ғылыми тұрғыдан жауап та бердi.
Шынында да, ең батыл еркек кiм? Ең батыл еркек – шашы жоқ еркек. Яғни, шашы түгел түсiп қалған таз адам. Халықта “төбе шашы тiк тұрды” дейтiн түсiнiк бар. Иә, адам қорыққан кезде шашының үрпиiп кететiнi де рас. Ал шашы жоқ адамның шашы қалай үрпиедi? Демек, оның шашы үрпимейдi. Ендi логикаға салсақ, шашы үрпимегеннен кейiн ол қорықпайды да. Сонда шашы жоқ, шашы түсiп қалған адамдар – қорқуды бiлмейтiн ең батыл адамдар.
Кейбiреулердiң шашы өте ерте түседi. Солай ғой? Солай. Орыс ғалымдарының айтуынша, бұл да табиғи тiлектен туындайтын көрiнедi. Яғни, әлгi адамның ерлiк жасауына, ерлiк iстерге баруына табиғаттың өзi қолайлы жағдай жасап, бұл адамдардың шашының қартайғанда емес, ерте түсуiне (25–35 жас аралығында) ықпал етедi. Ал 25–35 жас дегенiмiз – еркек үшiн нағыз тепсе темiр үзетiн шақ.
Борис Замятин
(Ресей)
Калуга
zhasalash.kz
Пікір қалдыру