|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек

Almaty akimi Baybek  B

Қазақстан Президенті сапар аясында қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Мемлекет басшысы сондай-ақ қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады.

Қазақстан Президенті “Астана   ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.


Осы уақыт аралығында қала елеулі нәтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді әрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. Азиада табысты өткізілді, қазіргі кезде Дүниежүзілік студенттер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматыда шағын және орта бизнес екпінді дамуда. Оның үлесі қала экономикасында 30 пайыздан асып, бюджет түсімдерінің үштен екісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл – маңызды көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Қазақстан Президенті атап өткендей, А.Есімовтің тәжірибесі қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет.


ЭКСПО-2017 – біздің болашағымыз. Көрме нысандарының құрылысы – бұл міндеттің тек бір қыры ғана. Оның басқа, әлдеқайда маңызды қыры – мазмұндық толығуы. ЭКСПО-2017 Қазақстанның барлық салада балама энергетиканы дамыту арқылы жаңа технологиялық құрылысқа өтуі үшін серпін беруі тиіс. Ұлттық компанияның басшылығына үкіметпен, барлық өңірлердің әкімдіктерімен іс-қимыл жасайтын, инвестиция және технология тарту үшін әлемнің ондаған елдерімен жұмыс істейтін тәжірибелі адам керек, – деді Мемлекет басшысы.


Нұрсұлтан Назарбаев Алматы елдің ірі қаласы ғана емес, экономиканың локомотиві әрі ғылыми-ағартушылық орталық болғандықтан, оны басқару тәжірибелі және креативті кадрды қажет ететініне назар аударды.


Бауыржан Байбек – осындай лауазымға тағайындалып отырған «Болашақ» бағдарламасының бірінші түлегі. Ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы Алматы қаласының бұдан әрі дамуының негізгі бағыттарын атады. Бірінші кезекте, қаланың ғылыми және кадрлық әлеуетін, оның инвестициялық тартымдылығын пайдалана отырып, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстарын жандандыру керек.
Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын мүлде жаңа деңгейге шығару қажет болады.


Алматы ежелден кәсіпкерліктің орталығы болып саналады, сондықтан экономика үшін күрделі кезеңде бизнестің белсенділігін төмендетпей, керісінше ұлғайту үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қабылдау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Сонымен қатар Қазақстан Президенті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуді және салынған барлық нысандардың ол өткеннен кейін тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуді  тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, көлік инфрақұрылымы жетілдіруді қажет етеді, ал онымен экологиялық ахуал да байланысты.


Қалада кептелістер мен көлік тұрақтары мәселесі әлі күнге түбегейлі шешілген жоқ. Жол тораптары салынды, метро іске қосылды, қоғамдық көлікті газға көшіру жүріп жатыр. Мұның бәрі ахуалды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі, бұл жұмыстарды жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.


Қазақстан Президенті тағы бір маңызды бағыт ретінде қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту мәселесін айтты.


Біз Алматыда туризмді дамытуға ниеттіміз, сондықтан қала қауіпсіз әрі өмір сүру үшін жайлы болуы тиіс, – деді Елбасы.


Сондай-ақ Мемлекет басшысы студенттік орталық болып саналатын мегаполисте ғылым мен білімді одан әрі дамытудың, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасындағы күрделі ахуалды еңсеру және оның әрі қарай жүйелі дамуы көп жағдайда Алматының табысты дамуымен байланысты екеніне назар аударды.

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: