Әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды
Қазағым тағы бір абызынан айырылды, Әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев 89 жасына қараған шағында қайтыс болды. Алаш баласына қайғыра көңіл айтамыз!
kerey.kz
Кәкішев Тұрсынбек (1927 жылы туған) – әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
«Оңаша отау» (1982) кітабына енген «Абайтанудың алғашқы асулары»атты мақаласында қазақ әдеби сынындағы Абай шығармашылығы төңірегінде атқарылған істерге, оның ұлттық сыни- ғылыми ойдың даму эволюциясындағы көрінісіне, Абай шығармаларын зерттеуші ғалымдардың бұл іске қосқан үлесіне, жекелеген зерттеулер мен мақалаларға талдау жасайды. Автор мұнда абайтану ғылымының алғашқы кезеңіндегі зерттеулердің қазақ әдеби, ғылыми сынына негіз болғанын ерекше бөліп айтады. Кәкішев «Абайдың сатирасы» (Абай тағылымы, Алматы, 1986) және «Асылдың сынығы» («Лениншіл жас», 20. 05. 1970) атты мақалаларында Абай шығармаларының тақырыптық- идеялық және көркемдік ерекшеліктеріне назар аударса, «Орыс ориенталистері Абай туралы» деген мақаласында («Ертіс», 22. 09. 1963) орыс зерттеушілерінің Абай жайында айтқан пікірлері мен берген бағаларына талдау жасайды.
Пікір қалдыру