|  | 

Әлеумет

Заман талабына сай бiлiм ордасы

Мұғалiм – жауапкершiлiгi жоғары мәртебелi мамандықтардың бiрi. Олай деуге негiз: ол бала бағбаны, бiлiм мен тәрбие берушi, яғни ата-анасынан кейiнгi үлкен өмiрге бағыт-бағдар көрсетiп, олардың қалып­тасып   жетiлуi жолындағы күрескер десек болады. Демек, ұстаз ұлағатты, бiлiктi де бiлiмдар, мәдениеттi де парасатты, жан-жақты заман талабына сай болуы керек. Ендеше осы жауапты мiндеттi мойнына артқан, тәрбие берудiң қыр-сырын игерiп, тынбай iздену арқылы биiктiктердi бағындырып келе жатқан “Жаңа Ғасыр” №175 гимназия директоры Мәнекеева Гауһар Бозжiгiтқызы Алматы қаласы Бiлiм бас­қар­масының “Жаңа Ғасыр” №175 гимназия Коммуналдық Мемлекеттiк Мекемесiнiң 2015 жылдың 9 айына арналған кiрiс және шығыс есебi бойынша мектеп ата-аналарына жиналыс өткiздi.

Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбектiң тапсырмасы бойынша  мектеп қабырғасында ақша   жинауға жол бермеу   мақсатымен ұйымдастырылып , ата-аналарға бұл iс-шараның өткiзiлу себебi түсiндiрiлдi. Өз есебiнде мектеп басшысы Гауһар Бозжiгiтқызы 9 ай көлемiндегi мемлекеттен бөлiнген қаражаттың толықтай есебiн   егжей-тегжейлi берiп өттi. Мектептiң коммуналдық төлемдерi уақытылы төленiп, ағымдағы жөндеу жұмыстары ұдайы жасалынатынын айтты. Тұрмыстық тауарлар, құрал-жабдықтар мен ғимарат­қа қызмет көрсету, қауiпсiздiк жүйесiнiң кешендi қыз­метiне байланысты қаржы есебi де берiлдi. Қызмет­керлердi мiндеттi медициналық тексеруден өткiзу қыз­­метiне   жұмсалған қаржы жайлы да хабардар еттi.
Бала тәрбиесi – бәрiнен де маңызды. Ал сол берiлетiн тәрбиенiң ұлттық мүддеге сай жүйеленуi әрбiр бiлiм беру мекемелерiнде жүзеге асырылуға тиiс шара. Осы негiзде Алматы қаласындағы “Жаңа Ғасыр”№175 гимназияда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мектеп басшысы ең алдымен гимназия тарихы жөнiнде айта келiп, осы күн­ге дейiнгi жет­­­кен жетiстiк­те­рiмен бөлiстi.
Аты айтып тұр­­­ғанындай, “Жаңа Ғасыр” гим­назияның бас­­ты мақсаты – жаңа заманға лайықты  оқушыларды дайындап шығару. Бұл тұр­ғыдан мектеп басшылығының ұйымдастыруымен нағыз бiлiктi, бiлiмдi ұстаздар iрiктелiп алынған. Сонымен қатар оқушылардың талап-тiлегiне, қызығушылығына қарай бейiн бойынша қолданбалы курстарды жоғарғы оқу орындарының ғалымдары өздерiнiң талғамымен келiп, оқушылармен ғылыми жобада жұмыс жасайтынын айтты.
Гимназияда әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларға жасалатын қамқорлық мәселесi де қамтылған. Осыған қатысты мекеме басшысы Гауһар Бозжiгiтқызы: “1-4 сынып оқушыларын тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында, Жалпыға мiндеттi орта бiлiм қорынан қаражатты қолдану, жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамту және оларға материалдық көмек көрсету негiзiнде ата-аналардың өтiнiшi бойынша 127 балаға материалдық көмек ретiнде   мектеп формасы берiлдi және күнделiктi   ыстық тамақпен қамтамасыз етiлiп отыратындығы айтылды.
Мектептегi сынып бөлмелерi заман талабына сай жабдықталып, оқушылардың сапалы бiлiм алуына толықтай жағдай жасалып отырғандығы гимназия басшысы Гауһар Бозжiгiтқызының тiкелей ұйымдастыруы­мен атқарылып жатқандығы   ата-аналардың   ризашылықтарынан   көрiнiп тұрды.
Балаларының осындай мақтауға лайық бiлiм беру мекемесiнде оқып, тәрбиеленiп жатқанына риза және айтар алғысы шексiз екендiгi жиын соңындағы ата-аналардың сөзiнен көрiнiс тапты.
№175 гимназия 2-сыныбының ата-аналары,
Алматы қаласы.
zhasalash.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: