|  |  | 

Жаңалықтар Спорт

Қанат Ислам: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік аз»

Кәсіпқой рингтегі жиырмасыншы кездесуін де жеңіспен аяқтаған қазақ боксшысы Азаттыққа берген сұхбатында биылғы бірнеше сайысы неге өтпей қалғанын да айтты.

Қанат Исламның Джонатан Батистамен (Доминикан Республикасы) кездесуі. Майами6 7 қараша 2015 жыл.

Қанат Исламның Джонатан Батистамен (Доминикан Республикасы) кездесуі. Майами6 7 қараша 2015 жыл.

Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасқан. Бірақ 2012 жылы Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен.

Спортшы Азаттыққа берген сұхбатында алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Азаттық: – Соңғы кездесуде сізді мексикалық Алексис Камачомен рингке шығады деп хабарланған. Бірақ соңғы сәтте қарсыласыңыз ауысты. Не себеп болды?

Қанат Ислам: – Мексикалық боксшы басында «кездесуге шығамын» деп келісім берген. Бірақ соңғы сәтте жекпе-жектен бас тартты. Шықпаймын дегенді қинай алмайсың. Басқа амал жоқ.

Қанат Ислам мен Фидель Монтеррос Муньоспен кездесуі. Колумбия, 7 тамыз 2014 жыл.
Қанат Ислам мен Фидель Монтеррос Муньоспен кездесуі. Колумбия, 7 тамыз 2014 жыл.

Азаттық: – Жыл басында «биыл бес-алты кездесу өткізуді жоспарлаймын» деп мәлімдеген едіңіз. Бірақ биыл рингке екі рет қана шықтыңыз. Жоспарыңызды орындауға не кедергі болып жатыр?

Қанат Ислам: – Кәсіпқой бокста бәрі боксшы қалағандай бола қоймайды. Жоспардың орындалмауына себеп көп. Мәселен, менің дәрежемдегі қарсыластар табылмады. Кей боксшылар өз талаптарын қойды. Екі жақ – менің проумоутерім мен қарсылас боксшының компаниясы келісе алмаған жайттар да болды. Тамызда бір-екі қарсылас келісім беріп, кейін жекпе-жекке шықпай қойды.

Азаттық: – Көптеген бокс мамандары «Қанат Ислам әлемдік деңгейге шығуы үшін мықты менеджер немесе проумоутерлермен жұмыс істеу керек» деген пікірді жиі айтады. Беделді бокс менеджерлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік бар ма?

Қанат Ислам: – Проумоутерімді ауыстырмаймын. Яғни, бұрынғы проумоутерім Нельсон Лопеспен жұмыс істей беремін. Тағы бір жақсы жаңалық – кәсіпқой бокстағы ең беделді Showtime телеарнасының иесі, Америкадағы номері бірінші менеджер саналатын Эл Хэймонмен келісім-шартқа қол қойдым. Алдағы уақытта ол менің кездесулерімді ұйымдастыруға көмектеседі. Ол осыған дейін Мейвезердің менеджері болды. Қазір қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовпен де жұмыс істеп жатыр.

Азаттық: – Әр кездесуіңізден гонорар аласыз ба?

Қанат Ислам (ортада) қарсыласы Реиналдо Эскуивиа (сол жақта) және менеджері Нельсон Мендеспен (оң жақта) бірге. (Сурет Nelsons компаниясының ресми сайтынан алынды).
Қанат Ислам (ортада) қарсыласы Реиналдо Эскуивиа (сол жақта) және менеджері Нельсон Мендеспен (оң жақта) бірге. (Сурет Nelsons компаниясының ресми сайтынан алынды).

Қанат Ислам: – Гонорар туралы айтуға әлі ерте. Соңғы кездесуде Латын Америкасы чемпионы деген атағымды қорғадым. Алдағы кездесулерімде IBF, WBC тұжырымдары бойынша рейтингтік кездесулер өткізсем деген жоспарларым бар.

Азаттық: – Былтыр «Астана» президенттік клубымен араларыңызда келіссөздер болған еді. Одан нәтиже бар ма? Сізге «Астана» клубы алдағы уақытта демеуші бола ма?

Қанат Ислам: – Былтыр «Астана» клубымен келіссөз жүргіздік. Мен өз шарттарымды, олар өз шарттарын айтты. Кейін «дағдарыс, бюджетті қысқартып жатыр» деп, келіссөздер тоқтады.

Азаттық: – 21-кездесуіңізді қашан өткізбексіз?

Қанат Ислам: – Әзірге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қытайдан, Ресейден ұсыныс бар. Келесі кездесуді Қытайда өткізуім де мүмкін. Бірақ нақты уақыты белгісіз.

Азаттық: – Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бар ма?

Қанат Ислам: – Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік аз. «Кел, мен жекпе-жегіңді өткізіп берейін» деп шақырып жатқан ешкім жоқ. Өзім барып өткізбеймін ғой. Бізде (Қазақстанда – ред.) кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастыру дамымағанын білесіз. Бірақ алдағы уақытта бір кездесу өткізуге мүмкіндік болса екен деймін.

Азаттық: – Жаттығу режиміңіз, алдағы жоспарыңыз қалай?

Қанат Ислам: – Күніне екі уақыт жаттығу жасаймын. Ағылшыншам да жақсарып қалды. Отбасым қазір Алматыда. Жыл соңында Қазақстанға барып қайтатын едім. Биыл елге барып қайту уақыты сәл нақтыланбай тұр. Дәл қазір келесі кездесуімнің өтетін уақытын нақтылап алуым керек. Жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізсем деймін.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Руслан МЕДЕЛБЕК

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: