Бұл халықты – жер жүзінің нағыз әміршісі десек болады.
«Әлемдегі ұлттардың бірде-біреуі ұлылық пен даңқ жағынан татарларды басып озған жоқ. Бұл халықты – жер жүзінің нағыз әміршісі десек болады. Өзгелері оған қызмет ету үшін жаралғандай еді. Қаншама империя құрып, қаншамасының күлін көкке ұшырған олар, барлық уақытта әлемге құдыретті болып көрініп, барлық дәуірде басқалары оған қожайынындай қарады. Татарлар қытайды екі рет басып алып, оны әлі күнге дейін бағынышты қылып ұстайды. Ұлы Моғолдар империясындағы алып аймақ та осылардың қолында. Олар Персияны басқарып, Кир мен Гистасптың тағына жайғасқан. Олар Московияны бағындырып, түрік деген атаумен Еуропа, Азия мен Африканы тұтастай жаулап алып, әлемнің үш бөлігіне бірдей әмірін жүргізді. Өткен уақытқа ойыссақ, Рим империясын құлатқан халықтардың да көбі осылардың арасынан шығыпты. Александрдың жаулап алған жерлері Шыңғыс ханның жанында түкке тұрғысыз болатын. Жеңімпаз халықтың осы сән-салтанаты мен мәрт мінезін жер жүзіне жаю үшін, тарихшылар ғана жетіспеді. Қаншама көзсіз ерліктері соның кесірінен ескерусіз қалып, өздерімен бірге тарихтың тұңғиығына батып кетті. Біз білмейтін татарлар құрған мемлекеттер қаншама! Мәңгі-бақи жеңілмейтіндеріне бек сенімді болған бұл халық, бүгінгі атағымен ғана ғұмыр кешіп, өзінің өткендегі даңқты тарихын қағазға қаттауды мүлде ойластырмапты…»
Ш. Монтескье.
Жолымбет Мәкіш

Пікір қалдыру