«Астана» мен «Қайрат» әлемдегі үздік жүздік қатарында
Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) футбол клубтарының әлемдік рейтингін жариялады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Испанияның «Барселонасы» бастап тұрған үздік жүздіктің арасында Қазақстаннан екі клуб енген. Бұл тізімде Астананың «Астана» клубы 66-орында, Алматының «Қайраты» – 94-орында тұр.
Рейтингтегі екінші және үшінші орындарда тиісінше Италияның «Ювентус» және «Наполи» клубтары орналасқан. Төртінші орынға Германияның «Бавариясы» жайғасқан.
Азаттық радиосы
Пікір қалдыру