ТҮРІКПЕНННІҢ САПАР БОЗДА ЖЫРАУЫНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ХАНЫ ТӘУЕКЕЛГЕ АЙТҚАНЫ …
Уа, Хан ием!
Қазығұрттан тараған барша халық
Біздерді Түркеш, Ернеш, Оғыз дейді.
Кіндігін Қоңыраттың бөліп жарып.
Көтердің “Жеті Жарғыны” Берке Науан!
Ордаңнан Құт-Береке арылмасын.
Алашың жинала берсін түбін танып!
Танысаң Қоңыратпыз Оғыз тілді
Панасызға парасатпен қорған болған.
Санасызға Нұр құйған Сіз бір жарық!
Оң аяқты қоңсымын керуен бастар,
Бахир Зарифқа қол ұшын бер оң қанатыңа алып!
Түсіндірме: Хан Тəуекелге Сапар Бозда жырау түркімендерге қызылбас-ирандар шабуыл жасап жатқан кезде, Қазақтардан əскери көмек сұрап келген елші, əрі батыр, жырау. Бахир Зариф түркімен ханы. Сол жолы Қазақтар көмектесіп түркімендер үлкен жеңіске жетеді.
Ақпантай Байғұтов
Асан Тұрабаев
“Бестаңбадан”
Пікір қалдыру