Сенат ЕО-мен “жақын әріптестік” келісімін мақұлдады
Парламент сенаты бүгін Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы етене жақын әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдайтын заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.
Келісімге 21 желтоқсанда Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини қол қойған. Ыдырысов келісімде қарым-қатынастың 29 саласы қамтылғанын айтқан. “Келісімде халықаралық, аймақтық қауіпсіздік пен қарусыздану сияқты саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту сияқты сауда-экономикалық мәселелер және инновация, мәдениет, спорт пен туризм, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық бар” деген.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру