|  | 

Жаһан жаңалықтары

Данияр ҚАСЫМОВ: Таулы Қарабақ – Әзірбайжанның жүрегі

касымов«Армян соғысқұмарларының лас арандатушыларына тиісті соққы қайтарылды. Бұл Саргсиян режімінің саяси да, экономикалық және үздіксіз дағдарыстан шығудың жолын іздегенінің дәлелі болса керек. Өйткені, Армения тұтасымен осындай жағдайға душар болған. «Арцах батырлары» Әзірбайжанға қарсы шығу арқылы өз орталарындағы тайпаластарының арасындағы бұрынғы абыройларын еске алғылары келген болар. 2014 жылы да осылай болған еді. Онда қарабах сепаратистері жоғары деңгейдегі кездесу кезінде Әзірбайжан қарулы күштерімен қақтығысып қалған болатын. Соңында өздері опық жеген еді. Осы жолы да дәл солай болды. Бұл толық заң шеңберінде жасалған қадам. Қазіргі армияндық саясатшылар әлі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағыдай ойлайды. Олар уақыттың өзгергенін әлі түсінбеген сияқты. Бүгінгі таңда барлық әлемде Заңның үстемдігі жүреді. Ал, қарабах сепаратистері халықаралық құқық нормаларын, қылмыстық заңнаманы, тіпті жалпыадамзаттық қағидаларды жүйелі түрде бұзып отыр. Олардың Заң алдында жауап беретін уақыттары да алыс емес. Сонымен қатар, Ходжалы геноцитіне де жауап беретін болады. Әлемдік қоғамдастық енді ғана «Таулы Қарабах республикасының» қылмыстық әрекеттеріне мән бере бастады. Euronewsтелеаканалы да енді ғана карабахтық сепаратистерді «НКР» білім қабылдамаған деп атай бастады. Әсіресе, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті Педро Аграмунттың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 4-ші қарарын тікелей сөзбен еске салып, Әзірбайжанның егемен территориясынан армиян әскерін шығару туралы мәлімдемесін маңызды деп есептеймін. Ескі Кеңестің ескірген ұйымы сіңірген құрметті еңбегін пайдаланып жасаған көшбасшысының мәлімдемесі әлемге естілді. Бұдан бөлек, аталмыш шиеленіске байланысты ешқандай пікір айтпастан Бакуды қолдаған мемлекеттер пәрменді мәлімдемелер жасай бастады. Әсіресе, бауырлас Түркіменстанның үн қосқаны қуанышты болды. Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы ушығып тұрған жағдайына байланысты Қазақстанның ресми ұстанымына келер болсақ, менің көзқарасым бойынша, бүгінгі күннің шындығана толық сай келеді.
«Қазақстан Республикасы таулы-қарабах мәселесінде мәмілеге келу процесін іздеуге барынша күш салады және мүдделі тараптардың шиеленісін реттеуге атсалысады»,-делінген Қазақстан СІМ таратқан мәлімдемеде.
Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевтың шиеленістің терең бойлап кетуіне жол бермей, сепаратистік аймақтағы азаматтық тұрғындар арасында адам шығыны мен қан төгілуі жағдайын болдырмау үшін сабырлық танытқанын көріп отырмыз. Әзірбайжан Республикасының Қарулы күштері оның бұйрығымен толық қуатында әскери әрекетке көшіп, аз ғана уақыттың ішінде уақытша басып алынған аумақты босатуға мүмкіндігі бар еді. Үшінші күштің бүгінгі жағдайда тікелей араласуы екіталай. Ондай жағдайда Әзірбайжан көшбасшысы диалог жүргізуге өзінің дайын екенін жариялайтын еді. Ресми Ереван бұл белгілерді дұрыс түсінетін болса, онда жақын уақытта шиеленістің бейбіт жолмен шешілуінің алғышарттары пайда болуы мүмкін. Егер, Армения ешқашан өзіне тиесілі болмаған Әзірбайжан жеріне жабысқанын қоймайтын болса, онда әзірбайжандық әскер шабуылды жалғастыратын болады. Ресми Бакудің ондай ұстанымын әлемдік қоғамдастық дұрыс қабылдайтынына мен сенідімін және бұл халықаралық нормаға толық сәйкес келеді. Таулы Карабақ және оған қарасты 7 аудан тарихи тұрғыдан да, заңдық тұрғыдан да Әзірбайжанның территориясы. Әлемнің ешбір мемлекеті өз жерінің 20%-н біреудің басып алуына шыдап тұра алмайды. Ал, Таулы Қарабақ – бұл Әзірбайжанның жүрегі. Сырт мемлекетте жүрген танымал, белгілі Полат Бюльбюльоглу күні кеше ғана өзінің туған отаны Шушуға бара алмай отырғанын айтты. Өйткен ол жер уақытша басып алынған территорияда қалған.
Посткеңестік кеңістікте бірнеше ұрпақ Бұлбұлдың ұлы ән салғанда алтын дауысын тыңдады. Енді оның сөзін ешкім естімеуі мүмкін бе?

turk-media.info

Related Articles

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: