Кешегі һәм бүгінгі Самарқан
Өзбекстанның солтүстік-шығысында, Заравшан өзені бойындағы жазықта орналасқан Самарқан қаласы Орталық Азиядағы ең ірі және көне шаһар саналады.
Жібек жолы бойында тұрған қала 2001 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Самарқанда көптеген белгілі тарихи ғимараттар бар. Бұл галереяда біз Самарқандағы ғимараттардың 19-ғасырдағы және қазіргі суреттерін салыстырамыз.
14-ғасырда салынған Әмір Темір кесенесі.
Самарқандағы Ташкент көшесі.
15-ғасырда салынған Бибі ханым мешіті ислам әлеміндегі ең үлкен мешіттердің бірі саналған.
Әзірет Қызыр мешіті Шыңғысхан жорығы кезінде қиратылды. Бірақ кейіннен ол қалпына келтірілген.
Бибі ханым мешітінің ауласы.
Шахи Зинда кесенесі. Бұл кешеннің 20-дан астам ғимараты бар. Алғашқы ғимараттары 11-ғасырда салына бастаған.
Шахи Зинда сағанасы.
Шахи Зинда кешені.
Шахи Зинда кешені.
Бибі ханым мешіті.
Самарқандағы Регистан көшесі.
Пікір қалдыру