|  | 

Жаһан жаңалықтары

Коррупция – коммунизмнің жаңа түрі

 Советтік танкілер Будапешт пен Прагаға кірді. Ресей банкі Еуропада құпия офшор шоттарын ашып, көлеңкелі компаниялар құрып, ықпалын арттырып, стратегиялық активтерді өзіне алып жатыр. Бұл Совет Одағы кезіндегі жағдай делік. Бірақ қазір де Кремльдің өзгергені шамалы.

Ресей президенті Владимир Путиннің карикатурасы.

Ресей президенті Владимир Путиннің карикатурасы.

    Шығыстағы сатқындар мен олардың Батыстағы серіктері лениндік бағытты ұстанып келеді. Батыста да, Шығыста да бизнес пен өнеркәсіп лоббилері путиншіл пікірлерді қайталайды.

Кремль. Мәскеу, 10 қаңтар 1968 жыл.
Кремль. Мәскеу, 10 қаңтар 1968 жыл.

Коммунистік партияның бөлімшелері мен негізгі топтары Мәскеудің мүддесін өткізуге тырысады. Шын келбеті бұлыңғыр жетекші компаниялар, түсініксіз энергетикалық мәмілелер, ақшаның ізін жасырудың күрделі схемалары шетелдік элитаны тұзаққа түсіріп, Кремльдің дайын лоббиін қалыптастырады.

Мұны өткен күннің тәсілдері, тарих десеңіз де Ресей өзгермейтін сияқты.

Көптеген белгілеріне қарасақ, Ресейдегі қазіргі сыбайлас жемқорлықты советтік коммунизмнің жаңа түрі деуге болады. Кремль ұсынатын пара да кезіндегі қызылдар жорығының жаңа түрі.

Шығыста болған советтік стильдегі социалистік экономикасы бар одақтас мемлекеттер мен өктемшіл саяси жүйенің орнын Ресей стиліндегі кландық-капиталистік экономикасы бар клептократтардың арсыз тобы мен жүйесіз билігі басты.

Совет Одағының Батыс елдерін идеяның күшімен құртпақ болған әрекеті қазір Владимир Путиннің жеңіл табылған ақшамен арбауына ұласты. Неғұрлым заман өзгерген сайын, соғұрлым бәрі ескі қалыпта қалғандай көрінеді.

ЭЛИТАНЫ ШЫРМАУ 

«Жалғандық қаупі: Кремльдің ақпарат, мәдениет және ақшаны қаруға айналдыруы» мақаласының авторлары Питер Померанцев пен Майкл Вайс «Кремль Варшава шарты ұйымына тікелей басшы болуды қажетсінбейді, ол бұрыннан бар келіспеушілікті одан әрі өршітіп, халықаралық институттарды құртып, өзінің жемқорлыққа батқан авторитарлық режимі үстемдік ететін әлем қалыптастыруға тырысады» деп жазады.

Совет Одағы әлемде коммунизм орнатып, сол үшін Мәскеуге адал елдер блогын құрғысы келді. Ал Владимир Путиннің Ресейі Кремльге тәуелді елдердің одағын құру үшін жемқорлыққа белшесінен батқан бизнес үлгісін таратуға тырысады.

Совет Одағы әлемде коммунизм орнатып, сол үшін Мәскеуге бағынышты елдер блогын құрғысы келді. Ал қазіргі Владимир Путиннің Ресейі Кремльге тәуелді елдердің одағын құру үшін жемқорлыққа белшесінен батқан бизнес үлгісін таратуға тырысады.

Совет Одағы көршісі Шығыс Еуропаға ықпал етті, бірақ социалистік модельді басқаларға да енгізгісі келді. Путиннің Ресейі де ең алдымен қасындағы көршілері – постсоветтік елдерге көз тігеді, бірақ клептократияны ілгерілету үшін құлашын алысқа сермегісі келетін кездері де бар.

Кремль бұрынғы советтік елдер – Украина, Беларусь, Молдованы шырмауына түсіріп, олардың саясатына бақылау орнату үшін «РосУкрЭнерго», «УралТрансГаз» және «Молдовагаз» тәрізді меншік құрылымы бұлыңғыр компаниялар мен түсініксіз энергетикалық жобалар жасады.

Ал Батыс елдерінде Кремль Vemex сияқты көлеңкелі компанияларды қолданды. Vemex – «Газпромға» тиесілі, меншік құрылымы түсініксіз сауда энергетикалық компания, ол Чехияның энергетика нарығының 10-12 пайызын алып отыр.

Кремль Ресейдің шекарасынан тысқары жерде патрон-клиент (жарылқаушы-жалынышты) қалпындағы қарым-қатынас орнату үшін сыбайласқан мәміле жасау өнерін шынымен шебер меңгерген.

Ресей президенті Владимир Путин. 7 сәуір 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. 7 сәуір 2016 жыл.

Азаттықтың Украин қызметінің директоры болған марқұм Роман Купчинский 2008 жылы АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетінде сөйлеген кезінде «Кремльдің үнсіз қолдауына сүйенген «Газпром» 50-ге жуық делдал компанияларды бүкіл Еуропаға таратып жіберді» деген еді.

Купчинский Венадағы Centrex тобын меңзеген болатын, оған Кипрдегі құрылтайшы компания мен Австриядағы RN Privatstiftung және «Газпромның» Германиядағы филиалдары иелік етеді. Купчинский сол кезде «мұндай компаниялар Еуропа нарығына сатылатын ресейлік газ құнына ештеңе үстемейді, бірақ өте қомақты қаржы табады, оның бәрі Кипр мен Лихтенштейндегі көлеңкелі компанияларға өтеді» деген еді.

Купчинский АҚШ сенаты комитетіне «Венгриядағы ұйымдасқан қылмыс пен «Газпромға» қатысы бар деген күдікке ілінген көлеңкелі компаниялар елдегі газ тарату нарығында және энергетика өндірісінде үлкен үлес ұстап отыр» деген еді.

«БҰЛ – БАСЫП КІРУ ТАРИХЫ»

Путин Шығыс Германияның Штазиіндегі өзінің бұрынғы барлау тобының кейбір мүшелерін бүкіл Еуропада жасанды компаниялар құруға жалдаған деген ақпарат бар.

2007 жылдың қыркүйегінде неміс журналисі Ханс-Мартин Тиллак зерттеу жүргізіп, Германиядағы «Газпромның» «бұрынғы Шығыс Германия қауіпсіздік қызметі мүшелерінің клубы тәрізді» екенін айтқан болатын. «Бұл – басып кіру оқиғасы. Алдын ала жоспарланған үлкен кампания. Бас штабы алыста, Ресей астанасы Мәскеуде орналасқан. Нысанасы – Германия мен Батыс Еуропа» деп жазды Тиллак.

«Бірақ осы басып алу оқиғасында Штазидің бұрынғы офицерлері мен күмәнді тұлғалар толып жүр. Бұл – «пошта жәшігі» деп аталатын компаниялар (letterbox company), бірақ олардың пошта жәшіктері де жоқ, компанияның ішінен ашылған компаниялар. Әуелгі мақсаттары ма? Олар қаржы ағынын жасырады» дейді Тиллак.

Ресейлік жемқорлыққа, Батыс арқылы ақшаның ізін жасыруды көздейтін заңсыз қорларға үндемей қарап отырғандардың бәрі өз елінде де, халықаралық тұрғыдан алғанда да Кремль пайдасына қызмет етеді.

Бірақ Ресейдің бұл шабуылын Батыс елдері элитасының біразы өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде қолдап отыр. «Ресейлік жемқорлыққа, Батыс арқылы ресейлік ақшаның ізін жасыруды көздейтін заңсыз қорларға үндемей қарап отырғандардың бәрі өз елінде де, халықаралық тұрғыдан алғанда да Кремльдің пайдасына қызмет етеді» деп жазады Померанцев пен Вайс.

«Егер жаһанданудың неолибералдық идеясының алғышарты «ақша – саяси бейтарап дүние» деген ереже десек, осы өзара бейтарап байланыс елдерді жақындасуға итермелейді, осындай халықаралық сауда агрессивті елді үйлесімге жетелейді, бірақ Ресей осы жүйені пайдаланып ақша мен сауданы агрессия тетігі ретінде қолданатын меркантилист (тоғышар) болып қалып отыр» деп жазады олар.

Кемшіліктері болғанына қарамастан коммунизм әмбебап, жалпыадамзаттық арман мен ұмтылысты көздеді. Бірақ тәжірибе жүзінде, ол адамзат табиғатына қайшы болып шықты. Ал сыбайлас жемқорлық адамның ең негізгі және әмбебап түйсігі – дүниеқоңыздыққа ұмтылады.

Өкінішке қарай, тойымсыздық көп жағдайда адам табиғатымен үйлесіп жатады. Сондықтан жаңа «қызылдар» бұрынғы «қызылдарға» қарағанда әлдеқайда қауіпті және айлакер. Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа Еуропа бұдан ары [әлемде] заң сақтауға кедергі ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздік проблемасы ретінде қарауы тиіс.

Азаттық мақаласы ағылшын тілінен аударылды. 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: