АҚШ елшісі тақия қиіп, Қазақстанның қасиетті мекендерін аралады
АҚШ елшісі Джордж Крол тақия қиіп, Қазақстанның қасиетті мекендерін аралады деп хабарлайды NUR.KZ порталы елшіліктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
ФОТО: FACEBOOK
“Елші Крол Оғландыда Қазақстанның Бекет-ата және Шопан-ата тарихи ескерткіштеріне барды”, – деп жазылған елшіліктің желідегі ресми парақшасында.
Айта кетерлігі, Маңғыстау облысындағы Бекет-ата жерасты мешіті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жерленген жері секілді қасиетті мекендердің бірі саналады. Көптеген тұрғындар осы жерге көмек сұрап, алыс жерлерден келіп жатады. Бекет-атаның мешітіне көмек сұрап келгендердің өтініші періштенің құлағына шалынады деген аңыз тараған.
Ал Шопан-ата жерасты мешіті – Қазақстанның ең көне тарихи ескерткіштерінің бірі. Сенім бойынша, Шопан-ата Ахмет Яссауидің түлегі болған.

Пікір қалдыру