|  |  | 

Жаңалықтар Оқиға

Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыда таңғы сағат 10:30 шамасында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі алдында атыс болғаны хабарланды. 12:20-да Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Полиция азаматтардан не талап етілетіні жөнінде арнайы мәлімдеме таратты.

Алматы ішкі істер департаменті ресми түрде қалада сағат 12:20-да террорлық қауіптің қызыл деңгейі (ең жоғарғы – ред.) жарияланғанын мәлімдеді.

ІІД таратқан хабарламада “Осыған байланысты қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын террор қаупінің қызыл деңгейі талаптарын сөзге келместен орындау туралы ескертеміз.

ІІД қызыл деңгейдің террорлық шабуыл жасалғаннан кейін әрі террорлық әрекеттің қайталану қатері болған кезде жарияланатынын ескертеді.

ІІД бұл жағдайда полицейлер адамдарды тінтіп, жеке заттарын, көліктерін толық тексеруі және қозғалыстарын шектеуі мүмкін екенін хабарлайды. Мұнан бөлек, полиция өкілдері тұрғын үйлерге, ғимараттарға кедергісіз кіруі тиіс.

Телекоммуникациялық жүйелермен (әлеуметтік желі) берілген ақпараттар тексерілуі мүмкін. Оның үстіне барлық арнайы жасақтар жоғары жауынгерлік дайындыққа келтірілді, әуежайлар, өзен-көл, теңіз поттары, метро, теміржол бекеттері, автовокзалдарда арнайы құралдарды пайдаланатын тексеріс күшейтілді.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, қазір Алмалы ІІБ-сі (Байтұрсынұлы мен Қарасай батыр көшелері қиылысы маңы) қоршауға алынған, сары лентамен белгіленген қоршау периметрімен тұрған полицейлердің бәрі толық қаруланған, беренді күртелер киген. Алайда олар тілшілерге ешқандай ақпарат бермей тұр.

Азаттық тілшілері полиция қызметкерлерінің бір-бірімен рация арқылы хабарласқандарынан қашып кеткен қарулы адамның (әлде адамдардың) әлі ұсталмағанын, полиция жасағының Сейфуллин және Гоголь көшелері қиылысында әрекет етіп жатқанын естіген.

Бұған дейін әлеуметтік желі және жергілікті ақпарат агенттіктерінен тараған хабарларда Алмалы аудандық ІІБ алдында бірнеше адамға оқ тигені туралы айтылған еді. Facebook желісінде “Мерген Прохант” есімді қолданушы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы жанында “қара түсті киім киген белгісіз ер адам оқ атып, қашқанын” жазды. Ал оқиға орнына барған Азаттық тілшісі ІІБ алдында жедел медициналық жәрдемнің бірнеше көлігі тұрғанын айтады.“ЖАСЫ ЖИЫРМА БЕС ШАМАСЫНДАҒЫ ЖІГІТ”

Азаттық тілшілеріне сол маңдағы тұрғындар оқиғаның таңғы сағат 10:30-11:00 аралығында басталғанын, атыс дауысын естігендерін айтқан. Атыс кезінде оқиға орнында болған куәгердің айтуынша, “қара футболка киген 25 жас шамасындағы жігіт автоматпен жүрген.” Ал Алмалы аудандық ІІБ кезекші бөлімі Азаттыққа полиция жасағының дабыл бойынша көтерілгенін растады. Азаттық тілшісіне ІІБ кезекшісі “полицияға жедел дабыл белгісі берілгенін” ғана айтып, басқа мәлімет бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, басқарма жанындағы базар қасында бірнеше атыс үні естілген. Полиция әзірге ресми ақпарат таратпай отыр, полициямен атысқандардың кім екені белгісіз.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: