|  |  | 

Жаңалықтар Оқиға

ҰҚК басшысы Алматыдағы шабуылға күдіктіні ұстау жайлы айтты

ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынында Алматыдағы ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне жасалған шабуылға күдіктінің ұсталғаны туралы айтты.

Жұмақановтың сөзінше, ұсталған күдікті – 1990 жылы Қызылорда облысында туған Руслан Күлекбаев есімді азамат. ҰҚК мәліметінше, күдікті соңғы уақытта Алматының Іле ауданындағы Ынтымақ ауылында тұрған. Ұялы телефон сатумен айналысқан.

“2010 жылы 27 тамызда Шымкенттің Еңбекші аудандық соты оны қылмыстық кодекстің 178-бабының 2-тармағы бойынша (“зорлық-зомбылық қолданып кісі тонау”) соттаған. 2012 жылы 8 мамырда Қызылорда қалалық соты оны 251-бап бойынша (“атыс қаруын заңсыз иеленіп, сақтады”) деген айыппен екі жыл 11 айға соттаған” деді Жұмақанов. Ол Күлекбаевтың түрмеде “салафиттермен жақын болғанын” да айтты.

Бүгін таңертең Алматыда Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасалған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуылдан үш полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуылды теракт деп атады.

Назарбаев: Алматыдағы шабуыл – теракт


Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда болған шабуылдарды террорлық акт деп атады.

Бүгін түстен кейін Ақордада Назарбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің жиыны өткен. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановтың және қауіпсіздік кеңесінің өзге де мүшелерінің есебі тыңдалған.

Назарбаев шабуылдан құрбан болғандардың туыстары мен зардап шеккендерге көңіл айтып, оларға психологиялық және материалдық қолдау көрсету қажетін айтқан.

“Қазір құқық қорғау органдары зұлым ниеттілердің кім екені, қандай мақсаты болғанын анықтап жатыр. Адам қарасы көп жиналатын жерлерді қорғап, жаралыларға жедел медициналық көмек көрсету, қылмыскерлердің жеке басын жедел түрде толық анықтау керек. Сонымен бірге Алматы тұрғындарын тұрақты түрде ақпараттан құлағдар етіп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек” деді Назарбаев.

Ол сонымен қатар “барлық сыбыстың алдын алып, арандатушыларды анықтау керек” екенін де айтқан.

Террормен күрес штабы: Алматыдағы жағдай тұрақтанды

Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Абылай хан және Қазыбек би көшелері қиылысындағы атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы. 18 шілде, 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылдан кейінгі жағдай қалпына түсті деп хабарлады Алматыдағы террормен күрес жедел штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, қаладағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, қауіп жоқ.

Шабуылға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағы (“кісі өлімі”), 269-бабының 2-тармағы (“ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу”) және 380-бабының 2-тармағы (“билік өкіліне қатысты күш қолдану”) бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматыда бүгін түске дейін Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі (ІІБ) мен ҰҚК департаментіне белгісіз адам шабуыл жасаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуылдан үш полицей мен екі бейбіт тұрғын жараланып, жеті адам жараланған.

Салтанат Әзірбектің сөзінше, шабуылға күдікті адам ұсталып, қамауға алынған. Қазір басқа күдіктілер тексеріліп жатыр.

Алматыда қаза тапқан полицейлердің аты-жөндері жарияланды


Алматыда шабуылда қаза тапты делінген полиция қызметкерлері (солдан оңға қарай) Мақсат Сәлімбаев, Аян Ғалиев және Бауыржан Нұрмағамбетов. Сурет 24.kz сайтының ресми сайтынан алынды.

Алматыда шабуылда қаза тапты делінген полиция қызметкерлері (солдан оңға қарай) Мақсат Сәлімбаев, Аян Ғалиев және Бауыржан Нұрмағамбетов. Сурет 24.kz сайтының ресми сайтынан алынды.

Алматыдағы шабуылдан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аты-жөндері жарияланды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Қалалық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратта шабуылда полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов (1988 жылы туған), кіші сержант Мақсат Сәлімбаев (1991 жылы туған) және полиция старшинасы Аян Ғалиев (1974 жылы туған) қаза тапқаны айтылады.

Алматыда бүгін түске дейін белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған. Ресми ақпарат бойынша, шабуылдан полиция қызметкерлерінен өзге бір бейбіт тұрғын қаза тапқан, жеті полицей жарақаттанған.

Полиция “шабуыл жасады” делінген екі адамның ұсталғанын хабарлады.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің “қызыл” деңгейін жариялаған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуылға байланысты қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Алматыдағы шабуылды теракт деп атады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: