|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Спорт

Елеусінов “Қазақстан салмағында” алтын алды

Данияр Елеусінов олимпиада алтынын алған сәт. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Данияр Елеусінов олимпиада алтынын алған сәт. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Бокстан 69 килограмда Қазақстан боксшысы Данияр Елеусінов олимпиада чемпионы атанды. Қазақстан бұл салмақта төртінші олимпиада қатарынан үздік шықты.

Қазақстан төртінші олимпиада қатарынан бокстан 69 килограмм салмақта алтын медаль иеленді. Финалда Данияр Елеусінов өзбекстандық 23 жастағы Шахрам Гиясовты жеңді. Үш төреші де бірінші, екінші раундта басым ұпай санын Қазақстан боксшысына, үшінші раундта Өзбекстан спортшысына берді.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы Гиясовтың соққысынан қорғанып жатқан кезі. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы Гиясовтың соққысынан қорғанып жатқан кезі. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Елеусінов қорғана жүріп қарсы шабуылға шығып, көбірек дәл соққы жасаумен болды. Жартылай финалда қарсыласының басы соғылып, маңдайына жарақат салған қазақ боксшысының ақтық жекпе-жекте барынша сақсынғаны да байқалды.

Бұл салмақта Афинада Бақтияр Артаев, Пекинде Бақыт Сәрсекбаев, Лондонда Серік Сәпиев чемпион атанған. Спорт мамандары мен жанкүйерлер арасында “69 килограмм – Қазақстанның салмағы” деген сөз де қалыптасып кеткен. BBCмен Daily Mail сияқты ұлыбританиялық басылымдар да Қазақстанның соңғы төрт олимпиада ойындарында дәл осы салмақта жеңімпаз болғанын атап өтті. Өзбекстандық ресми БАҚ-тардың бірі Елеусіновті “үш раундта да жеңіске жетті” деп хабарлады.

Данияр Елеусіновтің финалда жеңіске жеткен сәті. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Данияр Елеусіновтің финалда жеңіске жеткен сәті. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

​Риодағы рингте рефери Елеусіновтің қолын көтерген сәтте боксшы қуанғаннан бір секіріп, қарсыласын құшақтап құрмет қылды. Көрермендерге иіліп ізет қылғасын, Қазақстан туын жамылып алып, залды айналып шықты. Елеусінов өзін алқалаған топтың ішінде алдымен Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің қолын алды да, барлық жанкүйерлердің құшағына еніп кетті. Боксшы марапаттау рәсімінде әнұранды толық айтып, көзіне жас алып тұрды.

- Қарсыласым екі раунд жеңіліп жатқанын біліп үшінші раундта дөрекі бокстаса бастады. Бұл – менің ғана еңбегім емес. Бапкерлер мен дәрігерлердің де еңбегі. Спорттан кетем бе, кетпеймін бе әлі білмеймін. Біраз ес жиып алайын. Қазір ол туралы ойлайтын шамам да жоқ. Левиттің жеңілісін білеміз. Бірақ финал алдында жаман нәрсе ойламадым. Бермей қойса бұйырғаны деп ойладым, – деді боксшы.

“ЖАРАҚАТЫ АУЫР БОЛДЫ”

Елеусінов жартылай финалда Сулеймен Сиссокомен бокстасып жатқанда қарсыласының басы тиіп, маңдайы мен қабағын жыртып алған. Боксшының әкесі әрі жеке бапкері Марат Елеусінов “ұлымды жарақатына байланысты финалға шығармай қояр” деп қауіптенген.

Данияр Елеусіновтің алтын медаль алған сәті. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

Данияр Елеусіновтің алтын медаль алған сәті. Рио-де-Жанейро. 17 тамыз 2016 жыл.

- Жарақаты өте ауыр болды. Қабағы 10 сантиметрдей жыртылып кетті. Көзіне жетіп қалған еді. Дәрігерлер алдымен ішіндегі етін тігіп алды. Одан кейін сыртын тікті. Қатты соққы тисе тіккен жері қайта жыртылып кетер еді. Жарақат алған маңдайын да сақтап жүрді. Өзбекстан боксшысы алға жүріп шабуылдайды. Сондықтан Данияр қорғана жүріп жылдам қозғалып, қарсыласы шабуылдағанда күтіп алып соққы дарыту керек болды. Бастысы – үмітімізді ақтады, – деді боксшының әкесі Азаттық тілшісіне.

Данияр Елеусінов айтуынша, “жарақатын емдеуге құраманың дәрігерлері мен AIBA дәрігерлері бірігіп көмектескен”.

“КАПИТАН РЕТІНДЕ АЛТЫН АЛУ МІНДЕТ БОЛДЫ”

Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов финалдан кейін ұзақ қол соғып, кейін боксшының бетінен сүйді. Бапкердің қуанғаннан көзіне жас алғаны да байқалып тұрды.

Данияр Елеусінов – Серік Сәпиевтен кейін олимпиадада және әлем чемпионатында алтын алған екінші қазақ.

- Бұл – үлкен және көп еңбектің нәтижесі. Олимпиада – бейбіт күндегі тартыс. Даниярдың алдында үлкен миссия тұрды. Оның алдында команда капитаны ретінде чемпион атану міндеті тұрды. Данияр Елеусінов – Серік Сәпиевтен кейін олимпиадада және әлем чемпионатында алтын алған екінші қазақ. Финал өтетін күні таңғы жетіде жарысты аяқтаған боксшылар бар, енді кездесуге шығатындары бар барлығы тұрып Даниярдың дайындығына көмектесті. Команда болып дайындалдық. Кездесу алдында барлығымыз “басқа боксшылардың кеткен есесін сен қайтар” деп сәттілік тілегенбіз. Данияр – айла-тәсілі мол боксшы. Оған барлық қарсыласы дайындалып келгені анық. Бірақ ол олимпиадада ұратын жерде ұрып, қашатын жерде қашып, сауатты бокстасты, – деді Айтжанов.

Журналистер спортшылар мен бапкерлерден сұхбат алатын микс-зонада Өзбекстан боксшысы келіп, тілшілермен сөйлесіп тұрған Айтжановты “лайықты жеңіс, қуаныштымын” деп құттықтады. Ал жартылай финалда Елеусіновтен жеңіліп, қола алған франциялық Сиссоко “Ол жеңіске лайықты болды, чемпион. Жарақат үшін кешірім сұраймын” деді.

Елеусіновтың алтын медалінен кейін үш алтын, үш күміс, алты қоламен Қазақстан жалпы есепте 20-орыннан 17-орынға көтерілді.

Бұған дейін ауыр атлетикадан Нижат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин алтын жүлде алған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо) күміс медаль еншілеген. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де – ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Элмира Сыздықова (әйелдер күресі) қола медаль иеленген. Қазақстан 17 тамыздағы командалық есепте 17-орында тұр.

Руслан МЕДЕЛБЕК

 “Азаттық” радиосы

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: