|  | 

Жаңалықтар

Көкбастауда топ жарған

Президент  кубогі

 Displaying DSC_0166.JPG

                               

                               Көкбастауда топ жарған

 

Алматы облысы әкімдігінің демеуімен Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында  Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Конституция күніне орай ұйымдастырылған ат спорты түрлерінен өткен дүбірлі жарыс өтті. Оған  Қазақстан Президенті кубогын жеңіп алу үшін Республикамыздың түкпір-түкпірінен  келген шабандоздар мен жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сәйгүліктерінің қарымы осы жарыста сыналды. Сонымен қатар көрші қырғыз елінің тұлпарлары да жарыс жолында бой көрсетті.

Жұрт толық жиналып, сәйгүліктер сайланып болғансоң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, әуезді саз биікке қалықтады.  Халық  алдындағы сахна төріне шыққан  «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің өнерпаздары ән мен күйді төкпелеп  мереке шырайын кіргізді.

Президент кубогі жүлдесіне арналған ат спорты түрлерінің жыл сайын өткізілуі тұғырлы Тәуелсіздігіміздің арқасы десек қателеспейміз.  Ат бәйгесіне 7 автокөлік және ақшалай сыйлықтар белгіленді.  Межелі уақытта белгілі атбегі,  жарыстың бас төрешісі  Орынтай Әмірғалиев бастаған шабандоздар жанкүйерлер алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Дүбірлі  жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Еліміз егемендігін алғаннан бері Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бейбіт ғұмыр кешіп,  ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ата салтымыз жанданып  берекелі елге айналдық. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ат сопрты түрлерін дамыту үшін, Алматы облысында көптеген шаралар жүзеге асырылды. Әр түрлі деңгейдегі ұлттық спорт жарыс түрлерін тұрақты түрде өткізіп келеді. Соның бірі бүгінгі Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін өткізіліп отырған Республикалық жарыс. Біз ежелден ат құлағында ойнап желмен жарысып сайгүлік баптаған елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз дей келе, Конституция күнімен құттықтап, дүбірлі дода жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын сәйгүліктерге, шабандоздарға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.Displaying DSC_0105.JPG

Тері алынып, бабына келген 29 тай 5шақырым жарыс жолына шығып, дала төсін дүбірлетті. Соңғы айналымда топ жарып мәреге жеткен Жамбыл ауданынң тумасы Ахаттың иелігіндегі «Жұлдызы» бірінші болса, Қарасай ауданының намысын қорғаған Жанқұлиевтер әулетінің «Темірі» екінші, Көксу ауданынан  Мұрат Күлтеновтың «Еркеторысы» үшінші, Алакөл ауданынан Байбатыр Сатыбалдиннің  «Наркүреңі» төртінші, Ескелді ауданынан  Ақылбай Ақберліннің «Күнқуары» өзара бөлісті. Арасында жігіттің ептілігі мен жылдамдығын анықтайтын теңге ілуде Мәртжан Мейіржаннан ешкім аса алмады. 9 шақырымдық Жорға жарысына 24 жорға шығып, Су төгілмес жорғалар ішінен ойқастап жеткен Жамбыл ауданы намысын қорғаған Асылбек Бөкебаетің «Жойқыны» бірінші орын,  Шығыс Қазақстан облысынан келген  Николай Шапаревтің «Эелегнті» екінші орын, Үшінші төртінші орындарды Қырғызстан елінен Алипбек Жүнісовтің «Гангі»  Замирбек Мұқашевтің «Пленникі» өзара бөліссе бесінші орынды Жамбыл ауданынан Асылбек Бөкебаевтің «Сұлуторысы» алды. 11 шақырымдық Құнан бәйгеде 49 құнан бақ сынады. Бірден топала жүйткіген жүйріктер арасынан оқ бойы озы шығып, құйындай құйғытып  мәреге жеткен Жамбыл облысынан Мұрат Өсербаевтің «Ажарторысы» бірінші, тағыда  Жамбыл облысынан Әлібек Жұмабектің «Жадраты» екінші, Қарасай ауданынан Сейтжан Қайқыбаевтің «Самиры» үшінші, Жамбыл облысынан Есбол Шыңтасотың «Таусамалы» төртінші, Қарасай ауданынан Майлыбаевтар әулетінің «Миледиіне» бесінші орын бұйырды. 16 шақырымдық Топ бәйгеде 40 ат бақ сынасып Топжарған Қарасай ауданынан Әлнұр Назарбаетің «Сүлікқарасы» бірінші, Жамбыл ауданынан Ұлан Омаровтің «Беріктасы» екінші, Жамбыл облысынан Мұрат Өсербаетің «Шехризаты» үшінші, Балқаш ауданынан Нарымбет Әдібаевтің «Шайкүреңі» төртінші , Қарасай ауданынан Әлнұр Назарбаетің «Босмойыны» бесінші орыннан көрінді.  Кезек 25 шақырымдық аламан бәйгеге де келіп,  Үміттерін үкілеген 39 тұлпадың  арасынан   9 айналымға шыдас берген желтұяқтардың айы оңынан туды десе де болады. Сонымен Қарасай ауданынан Әлнұр Назарбаевтің  «Миллионері» бірінші,  Жамбыл облысынан келген Серік Сұлтанбаевтің «Атиласы» екінші, Қарасай ауданынан Әлнұр Назарбаевтің «Қозыкүреңі» үшінші, Жамбыл облысынан Есбол Шыңтасовтың «Самалы» төртінші, Маңғыстаулық  Әбдіғали Таңатаровтың «Джекпоті» бесінші болып мәре сызығын басты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде, 25 шақырымдық Аламан бәйгеде мәреге қара үзіп жеткен «Миллионер» деген аттың иесі, Әлнұр Назарбаевқа, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Мәскеу Олимпиадасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Президент кубогі мен жол талғамайтын  Автокөліктің кілітін табыстады. Бәйгенің басқа да түрлеріне тігілген жеңіл автокөліктер мен ақшалай сыйлықтарды Алматы облысы мәслихатының хатшысы Серік Мұқановпен Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек келемсейтов табыстады. Дүбірлі жарыс өткен,  Көкбастау спподромын жұртшылық қимай тарқасты.

                                                                                   Көгедай ШӘМЕРХАН

kerey.kzDisplaying DSC_0018.JPG

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: