|  | 

Әдеби әлем

САМҰРЫҚТЫҢ ЗАРЫ

Қыс түсіп, қар жауғанда ауыл балаларының кәсібі сол – доп қуалау. Желі шыққан ала доптың ішіне сабан тығып, кейде соғымға сойылған өгіздің қуығын үрлеп ермек қыламыз. Қыстың бір күні азаннан кешке дейін доп қуып, қара сүмек тер басып, үйге кеш оралдым. Тамақ ішіп болғанша тоң боп қатқан аяқ киім жібіп, жұмсарды. Өзім де мәужіреп, ұйқым келді. Шылқа су аяқ киімімді лақтырып жіберіп, орныма құлай кеттім. Шешем су болған аяқ киімімді пешке жайып, арасында:

– Мына бала ұлтарағын жайып, аяқ киімін кептірмейді. Өзіне жақсылық қылмаған бұл, кімге жақсылық қылады, ей, – деп күбірлеп сөйлеп жүр.
– Ой, апа! Ұйқым келді, сіз кептіре салыңызшы соларды. Шаршадым.
– Үй бетін көрмей қаңғып-қаңғып келіп ап, енді маған міндетсиді. Қайтіп адам болады екен бұ немелер!..
Шешемнің кей сөзін естіп, кей сөзін естімей ұйқыға бас қойдым…

***

Боқай шалдың үйінің есік алдынан өтіп бара жатқам. Қолымда іші қуыс сиырдың мүйізі. Кенет көзім жуып, жайып қойған Боқай шалдың немересінің шұлығына түсті. Жап-жаңа. Ала жаздай шұлықсыз жүгіретін пақыр үшін бұдан артық дүние болсын ба, шұлықты жайулы тұрған жерінен жұлып-жұлып алдым. Бір қолымда мүйіз, бір қолымда шұлық енді ауладан шыға бергенімде Боқай шалдың төбесі көрінді. Маған қарсы келе жатыр. Қырыс шал таяп қалды, зәрем ұшты. Немересінің шұлығын қолымнан көрсе, асатаяғы арқамда ойнары анық. Не істеу керек? Ақыры жан қысылғанда амалын да таптым. Шұлықты қуыс мүйізге тығып, мүйізді лақтырып ойнап шалдың қасынан алаңсыз өте шықтым. Ол да ештеңені байқаған жоқ. Сәлем бердім, аузы жыбырлады. Үйге келіп шұлықты тығып тастап, көшенің шаңын көтеріп ойнап жүрген балалар тобына қосылдым. Сол кеткеннен мол кетіп, кешқұрым бір-ақ оралдым үйге. Шешем сойылған малдың терісіне айран жағып, қарбалас болып жүр.
– Мал сойғансыздар ма, апа? – деп шешемнің қасына бардым. Шешем түйілген қабағын ашпай:
– Қоңыр тайынша ауылдың шетіндегі арыққа үйелеп өліп қалыпты. Пышаққа ілінбей, арам қатты. Терісі тулаққа жарар, – деді де қойды.
Ел орынға отырған шақта «күндіз ұрлаған моншақты, түнде тағуға» кірістім. Інім:
– Мұны қайдан алдың? – деді дауыстай сөйлеп. Шешем біз жаққа жалт қарады, ұрлығым айпарадай болды. Үлкен тергеу басталды. Ақыры шешеме қандай «машақатпен» бұл шұлықты қолға түсіргенімді айтып бердім. Қатты ашуланды, басымнан тартып кеп жіберді.
– Бәсе, бұл тайынша себепсізден себепсіз неге өліп қалды десем, сен екенсің ғой бәрін құртқан! Көрдің бе, бір шұлық үшін қаншалықты бодау бердік! Бар, құры! Қазір апарып таста андағысын, – деп мені дедектетіп сыртқа шығарып жіберді. Амалсыз Боқай шалдың үйін бетке алдым. Қоңыр тайыншаның өліміне себепкер екенімді шешем кесіп айтты…

***
– Мына бейшара баланы әбден қырсық айналдырған екен, – деп саудадан жығылып, қарыз арқалап ауылға жетіп барғанымда шешем алдымннан шықты. Қолындағы тұтаған құрым киізбен екі иығымнан кезек-кезек ұрып қояды.
– Алас, алас!
– Қойыңызшы, апа! Осындай бір құрапилықтарыңыз қалмайды екен, – деп үйге кірдім. Босағаның сыртында тұтаған құрым киізін әлі ұстап тұрған шешем:
– Құрапилық дейді, сідігіңе сүрініп жүріп енді сонша қарызды қайтіп қайтармақшысың? Сенен бір қырсық арылмады ғой.
Бетін жас жуған шешемнің бірнеше тал самай шашы жаулығының сыртына шығып тұр. Ақ шалыпты. «Мына кісі де қартайған екен» деп ойладым…

***

– Алматыға сағат нешеде жетесіз, апа?
– Таңғы төрт-бестерде.
– Аман-есен жетіңіз. Күтіп алам ғой.
– Ой, таң атпай дірдектеп не істейсің! Жұмысқа баруың керек. Ұйқың шала болса, күні бойы жынды боп жүресің. Вокзалда шамалы отыра тұрармын, асықпай келе бер.
– …
Селк етіп ояндым. Сағат түнгі үшті көрсетіп тұр. Кешкі телефондағы аз-кем диалогтан кейінгі жүректің көзінен мөлт ете қалған ыстық жастай терезе сыртындағы ағаш жапырақтарынан тамшы үзіледі. Жаңбыр жауыпты…

***

– Аман-есен жетіп алдыңыз ба, апа?
– Шүкір, балам, шүкір! Алла тағала Қағбаны көруді де нәсіп етіпті. Қағбаны алғаш көргенде тілеген тілек, қылған дұға қабыл болады дейді. Саған дұға қылдым, балам. Бәріне дұға қылдым…
– Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, апа! – дедім аузыма басқа сөз түспей.
Телефондағы аздаған әңгімеден кейін өткен өмірімдегі бірер оқиға есіме түсті. Соның басын құрап, қағаз шимайладым. Шешемді балапаны үшін көз жасы жаңбыр боп себелейтін Шыңырау секілді алып самұрық құсқа ұқсаттым…
Ертеде қанаты туырлықтай Шыңырау деген самұрық құс болыпты. Шыңырау адам аяғы жете бермейтін жапан түзде өсіп тұрған алып бәйтерекке ұя салады. Сол ұясында жұмыртқа басып, екі жылда бір рет жалқы балапан шығарып жүреді. Балапаны қара қанат болып, жетіле бастағанда төңіректің аң-құсы жанынан безіп жоғалып кетеді. Самұрық құс қомағай балапанына айшылық алыс жерлерден шеңгелдеп жем тасиды. Бірақ, амал қанша, айшылық алыс жерлерден таңын созып, топшысын талдырып, өліп-өшіп жеткенде балапаны ылғи ұяда жоқ болып шығады. Сөйтсе, сол төңіректі мекен еткен бір әбжылан Шыңырау жем іздеп кетісімен бәйтерекке өрмелеп шығып, балапанды лебімен тартып, жұтып кетіп жүріпті.
Осы оқиға жыл сайын қайталана беріпті. Содан, Шыңырау әбден зәрезап болып, қасірет шегіп, қиян шеттен жем алып келе жатып, бауыр етіндей балапанын ойлағанда ағыл-тегіл жылайды. Сонда, Шыңыраудың көз жасы жерге нөсер жаңбыр болып құйылады . Енді бірде, туырлықтай қос қанатын құшырлана серпіп, балапанына жетуге асығып ұшады. Ондайда, жер бетінде жойқын дауыл тұрып, жел екіленіп, екпіндей соғады дейді.
Күндердің күнінде Шыңыраудың топшысы ағарып, қартаяды…

Ырысбек ДӘБЕЙ

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: