|  | 

Көз қарас

ОЛАР КЕТІП БАРАДЫ, «ҚАРА ОРЫСТАРДЫ» ҚАЛДЫРЫП…

Өткенде белгілі саясаттанушы Айдос Сарым  Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйеніп,2016 жылдың жарты жылында елімізден 16 742 адам көшіп кеткенін жазған болатын. 

Қазақстанды артта қалдырып, өз атамекеніне асыққандардың басым бөлігі орыстар екен. Ресейге қоныс аударған азаматтардың нақты саны –  14 512 адам.

Аймақтар бойынша қарайтын болсақ, ең көп адам солтүстік облыстардан кеткен. Көштің басын Қарағанды облысы бастап тұр. Олардың қарасы  – 2890 адам. Қостанайдан – 2413, Павлодардан – 2222,  Алматыдан – 1640, Шығыс Қазақстан облысынан – 1536, Солтүстіктен Қазақстан облысынан –1334, Ақмоладан – 1192, Батыстан – 931 адам сыртқа қоныс аударған.

Әрине, бұл өкінетін жағдай емес. Себебі, Мәңгілік Ел болу жолын таңдаған Қазақстанмен болашағын байланыстыра алмайтын әр азаматтың жолы ашық.

Жарты жылда 16 мыңнан аса өзге тілді азамат елден кетіп отырса, алдағы он шақты жылда Қазақстан ұлттық мемлекетке айналатынына ешкім дау айта қоймас.

Шындығын айтайық, орысы бар, басқасы бар, өзге диаспора өкілдері Қазақстаннан кетпегеннің өзінде ішкі өсім арқылы бұл мемлекетте қазақ тілділердің үстемдік құратыны анық байқала бастады. Билік қанша жерден мектептерді үштілді етіп, ресми тілді сақтап қалу үшін мың айла тапса да, «көп қорқытады, терең батырады».

Мұны біздің шенеуніктер әлі түсіне алмай отыр. Ал, өзге диаспоралар баяғыда-ақ түсінді. Түсінді де, аузынан ақ май төгіліп отырса да, ерте қам жасап, тарихи Отандарына қоныс аударып жатыр. Ал, қалып кеткендері бірте-бірте қазақ тілін үйреніп, осы мемлекетке өз тағдырын тапсырмақшы. Олар өздерінің құқығын мемлекет құраушы ұлттың құқығынан жоғары қоймайды.

Рас. Тағдырдың тәлкегімен елімізге келді. Өсті, өнді. Қазақтың алақанында еркелеп ғұмыр кешті. Қойнауы байлыққа толы жерімізді бізбен бірге тел емді. Қара қазақ қара нан таппай отырғанда жырғап өмір сүрді. Енді заман өзгерді. Қазақ – бодан ел емес. Бодан болмағандықтан да өз ұлттық мемлекетін құрып, жоғалғанын табуға тиісті. Мұны түсінбейтін шенеуніктерден басқа тағы бір топ бар. Ол еліміздегі – «қара орыстар». “Атан түйе аунаған жерде түк қалады”.

Сол “түк” Ресейге барса орыс бола алмайды, елде қалып қазақ бола алмайды. Сосын, дамуы қарқын алған ұлттық сананы кері тартып, ел арасын бүлдірумен айналысады. Олжас Сүлейменов секілді «орысшыл» тұлғаларды өздеріне тартып, әр нәрсеге Ресейді мысалға келтіріп, саясаттың бетін қазақтарға бұрғызбау үшін барын салады. Ендігі күресіміз сол «қара орыстармен» болатыны анық. Олар аз санды бола отырып, бүкіл қазақты “қара орыс” жасау үшін күресетін болады.

Кетіп жатқан қауым артына «қара орыстарды» қалдырып бара жатқаны ғана өкінішті. Оларды да өздерімен бірге ала кетсе ғой, қазақтың тақиясы қисайып қалмас еді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: