Алақай Қанат жеңді,Қанат жеңді….
Алақай Қанат жеңді ,Қанат жеңді ,
Бәйгеден озып тұлпар Қанат келді.
Қымсынбай қызыл тілім жырға қосып ,
Әлемге қуаншты таратшы енді.
Қуанышым қойнма сыимай барат,
Орнын таппай тұрсын ба мұндайда бақ.
Тартып алам белбеуін деп келгенде,
Шой қараны аямай ұрды-ай Қанат.
Сұйындым ерлігіңе жан бауырым,
Төбем көкке екі елі қалдау бүгін.
Тигіздің ныссанаға дәл бауырым ,
Сүйншілеп жазылды арнау жырым.
Өмір -өзен ағады арнасы кең,
Қазақтың батырлығы қанға сіңген.
Айналдым жан бауырым ерлігіңнен,
Қабанбай, Жәнбектің жалғасы сен.
Қуанып қала жатыр, дала жатыр,
Сұйынып қаряда, бала да тұр.
Кеуде керіп мен-менсіген дәу қараның,
Басына орнаттың-ау заман ақыр.
Жарайсың семіз шықтың арық айтып ,
Есіміңді ұлқтар халық айтып .
Гүрзідей жұдырығың тиген кезде,
Шыдайды қай пенденің жаны қайтып .
Ерлгің өшпес мәңгі ел есінен,
(Бірге жұзып тарих кемесімен) .
Аяулы жан бауырым әлі талай ,
Көрінесің жеңістің белесінен.
Қайратың таусылмасын, сарқылмасын,
Жігерің найзағайдай жарқылдасын.
Бұдан да зор күтеміз жеңістерді,
Әмәндә аман болсын алтын басың.
29.10.2016
түнгі 22:15
kerey.kz


Пікір қалдыру