|  | 

Тарих

Қазақтың жапан даласына депортацияланған поляктар

Креницкийлер әулетінің алғашқы суреті. Бірінші қатарда - алты жасар Леонтин.

Креницкийлер әулетінің алғашқы суреті. Бірінші қатарда – алты жасар Леонтин.

Поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына – 80 жыл. Соғыстың алдындағы жылдары Украинаның батыс аудандарынан Қазақстанға 40 мыңнан 95 мыңға дейін (нақты саны белгісіз) поляк депортацияланған. Олардың ішінде Креницкийлер әулеті де болған.

КІШІ РАДОГАЩЬ

Леонтин Креницкий географиялық картаға үңіліп, жер аударылғанға дейін өзінің отбасы – әке-шешесі тұрған, осы әулеттің төрт баласы туған селоны көрсетті.

- Бұл – орталық Украина, Каменец-Подольск облысы, Изясов ауданы, Кіші Радогащь селосы.

14-ғасырдан бері белгілі село орыс, украиндар қоныстанған оңтүстік жағалау және поляктар тұратын солтүстік жағалау болып бөлінген. Леонтин Креницкийдің әкесі Франц Креницкийдің төрт бауыры болған. Ағайынды ұста жігіттердің аяқ киім шығаратын цехы болған. Әулетте тараған аңызға қарағанда, көрші тұрған поляк кнәзі араб арғымақтарын тағалату үшін оларды 1917 жылғы революцияға дейін жиі шақырып тұрған.

Совет үкіметі жылдарындағы ұжымдастыру басталғанға дейін Леонтин Креницкийдің әкесінде 100десятина (1,09 гектарға тең жер өлшеуі) жері болған. Ол колхозға кіргісі келмей, ұзақ тартыншақтаған, ең соңғылардың бірі болып кірген. Бірақ миллиондаған жанды Сталин жарлығымен күштеп депортациялауға бұл әрекеті бөгет бола алмаған.

Леонтин Креницкий жұбайы Валентинамен бірге Украинадан Қазақстанға әкелінген иконаны көрсетіп тұр. Иконаны үй-үйді аралап жүретін белсенділер тәркілеп алмасын деп бірнеше жыл жерге көміп қойған. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл.

Леонтин Креницкий жұбайы Валентинамен бірге Украинадан Қазақстанға әкелінген иконаны көрсетіп тұр. Иконаны үй-үйді аралап жүретін белсенділер тәркілеп алмасын деп бірнеше жыл жерге көміп қойған. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл.

 

Ақыры 1936 жылдың маусымында селодағы поляктарды мал таситын вагондарға тиеп, шығысқа жөнелткен. Леонтин Креницкийдің айтуынша, депортация басталар сәтке қарай Кіші Радогащь селосында бір мыңға жуық поляк тұрған. Жұрттың бәрін емес, «ауқаттылау», Польшада туыстары тұратын, Польшаға тауар алуға барғандарды депортациялаған. Бірақ тіпті қызыл армияда қызмет етіп, соғысқандарды да жер аударған.

Жер аударылатын кезде Креницкийлер отбасында төрт бала болған.Ал Леонтин Креницкий Казақстанда туған.

«ЖАПАН ДАЛАҒА ӘКЕП ТАСТАДЫ»

Билік жер аударылған поляктарға «жаңа жерде сендерді дайын үй күтіп тұр, жегін және өзге малмен қамтамасыз етеміз, Украинаға қарағанда, шалқып өмір сүресіңдер» деп уәде еткен. Жұрт әлгі сөзге сеніп, тұрмысқа қажет ұсақ-түйек заттарын ғана алған. Бірақ іс жүзінде жағдай мүлде өзгеше болып шыққан. Оларды жапан түз бен қағылған қазықтан өзге ештеңе жоқ Солтүстік Қазақстан даласына әкелген. Жұрттың «Үйлер қайда?» деген сұрағына комендант «Оны уәде берген адамдардан сұраңдар. Мына жерге село саласыңдар. Қажет дүниенің бәрін әкеліп береміз» деп жауап берген.

Әлгі жер Көкшетаудан 60 километр, Келлеров ауылынан 35 километр жерде екен. Барлығы 1200 поляк пен 800 неміс депортацияланған.

- Келесі күні палаткалар әкеліп, орната бастапты. Немістер сақтық жасап, қамданып шыққан екен. Олар Украинадан малын, жихаз, тігін машиналарын ала келген. Ал поляктарды алдап соққан. Біраздан кейін сырғауыл тақтайлар әкеп берген. «Саманнан үй соғыңдар. Күзге дейін салып үлгермесеңдер, үсіп өлесіңдер» деген. Бірақ оны қалай салуды ешкім білмеген. Маңайда сонау патша заманында келіп қоныстанған украин селолары бар екен. Әлгі ауылдарға барып, үйді қалай салғанын көрген. Омскіден прораб келіп, саман жасауды үйрете бастаған, – дейді Леонтин Креницкий.

Депортацияланғандарына 50 жыл толуына байланысты өткен шарада суретке түскен қазақстандық поляктар.

Депортацияланғандарына 50 жыл толуына байланысты өткен шарада суретке түскен қазақстандық поляктар.

 

Селоны әуелі Әбділман деп атаған. Максим Горький қайтыс болғаннан кейін жалпы жиналыста селоны оның құрметіне атауды ұсынған. Бастықтар құптаған. Сол кезден бері әлгі село Горький деп аталады. Селода колхоз құрған. 1936 жылдың күзіне қарай әр отбасыға 18 шаршы метрден келетін бірнеше отбасы тұратын барак типтес үйлер («сталинка») дайын болған. Маңайда қазақ ауылдары болған.

- Жоқшылық заман еді. Қазақтар алдында ғана ашаршылықты бастан кешірген. Олардың бүкіл малын тартып алып, өздерін күштеп колхозға кіргізіп қойды, ал оларда жер жыртып, егін егетін тәжірибе болмаған еді, – дейді ол.

Леонтин Креницкий қиын-қыстау заманда тірі қалуға маңайдағы село, ауыл тұрғындарының қолдауы да көмектескенін айтады. Бірақ тәжірибе алмасу екі жаққа да тиімді болған. Мысалы, қазақтарға олар түрлі кәсіп үйреткен.

Солтүстік Қазақстандағы тіршілік Украинадағы өмірден мүлде өзгеше болған.

- Қыста 45 градус аяз. Қазір ол жақта ондай аяздар жоқ. Тіпті жылы киім де болған жоқ. Сондай өмір пима басып, теріден киім тігуді үйретті, – дейді ол.

Алғашқы кезде өз қолымен өсірген ештеңелері болмаған. Нан, бидайды әкеліп, әр отбасыға таратқан. Мал бермеген, оны көрші ауылдардан әркім өзі сатып алған. Медпункт, дүкен салған. Жаңадан құрылған колхозда келесі жылға егіс еге бастаған. Қыста жұрт ашығып, көп адам өлген. 1937 жылы жеті жасар үлкен ағасы Вацлав, іле-шала кіші ағасы Владислав өлген.

Депортация кезінде Украинадан әкелінген ұршық. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл.

Депортация кезінде Украинадан әкелінген ұршық. Алматы, 21 сәуір 2016 жыл.

 

Алғашқы кезде колхозшылар жерді өгіз, ат, тіпті сиырмен жыртқан. 18 километр жерде машина-трактор станциясы болған. Бір жылдан кейін ол жақтан алғашқы трактор алған.

Депортацияланған поляк, немістер арнайы қоныстанушылар деген мәртебе алған. Қашып кетпес үшін олардың құжаттарын бірден тартып алған. Жазбаша рұқсатсыз селодан бір километрден алысқа ұзауға тыйым салынған. Әлгі тыйымды бұзғандарды түрмеге қамаған. Оларда сайлау, сайлану құқығы болмаған, әскерге алмаған, институт, техникумға қабылдамаған. Әкімшілік қадағалауды комендант атқарған.

Советтік диктатор Иосиф Сталиннің ажалына дейін осылай болған. 1953 жылдан бастап қатаң бақылау босаңси бастаған. 1956 жылы поляктарды саяси қуғын-сүргін құрбандары деп таныған. Бірақ әлгі қаулы «құпия» деген белгімен шыққан.

ӨЗ ЕРКІМЕН АЙДАУҒА КЕТУ

Леонтин Креницкийдің әйелі Валентинаның әкесі – поляк, шешесі – орыс. Әкесі Альбин Якубинский соғысқа дейін Киевтегі мұғалімдер институтын поляк тілінде бітірген. Поляктарды Қазақстанға жер аударғанын естіп, оларға ана тілінде сабақ беру үшін, олардың артынан өз еркімен аттанған.

Жергілікті бастықтар оған «Жарқыным, поляк тілің не? Орыс тілін үйретесің!» деп тыйып тастаған. «Мен поляк, украин тілдерін білемін, ал орыс тілін білмеймін» деген оған «Үйренесің!» деп бұйырған.

Әскери форма киген Альбин Якубинский.

Әскери форма киген Альбин Якубинский.

 

Ол осылай орыс тілі мен әдебиеті мұғаліміне айналған. Кейінірек Көкшетау облысындағы ауыл мектептерінің бірінде директор болған.

Соғыс жылдары Альбин Якубинский СССР-де жасақталған поляк әскеріне кіріп, гитлершіл Германияны талқандауға қатысқан. Артиллерия поручигі шенінде Дрезденге дейін жеткен. Соғыстан кейін Польшаның Познаньқаласы түбінде қызмет еткен әрі сол жақта қалу мүмкіндігі болған, бірақ әйелі Александра мен қызы Раиса күтіп отырған Қазақстанға оралуға тура келген.

1956 ЖЫЛДАН КЕЙІН

Әлгі «құпия» қаулымен ақталғаннан кейін Горький селосындағы тіршілік оңала бастаған. Колхоз нығайып, мал басы, техника (трактор, комбайндар) көбейген. Леонтин Креницкий бала кезінен жұмыс істеген. 10 жасында өгізбен жер жыртқан. Кейін комбайншының көмекшісі болған. 1963 жылы оны әскерге шақырған. Әскерден кейін ауыл шаруашылығы институтына түсуге дайындалған. Әскердегі қызметін Ташкентте аяқтаған кезде досы үгіттеп, милиция мектебіне бірге түсуге көндірген.

Оны үздік бітіріп, ІІМ-нің жоғарғы мектебінде оқыған. Кейін милиция органдарында басшы қызметтер атқарған. Зейнет демалысына 32 жыл стажбен полковник шенінде шыққан. Баласы Алматыға көшкеннен кейін әйелі Валентина екеуі де оның артынан көшіп келген.

- Көшіп келгеніміз сол еді, Польшадан тұрақты тұрғылықты орын береміз деген шақырту қағаз келді. Ташкентте жүргенде өткізіп қойған құжаттарымды төрт жыл қарады. Ұлым үгіттегенімен, көшпейміз деп шештік. Ол жақта әйеліміз екеумізге де зейнетақы береді. Біздің ақшамен 800 злотый. Бірақ ол жаққа барып, тиын-тебенге күнелткім келмеді, – дейді Леонтин Креницкий.

Қызы Яна қазір отбасымен Польшада тұрады. Сол жақта университет бітірген. Леонтин Креницкий бала кезде тірі қалған жеті аға-іні, әпке-қарындастарының тағдырлары әрқалай қалыптасқанын айтады.

Леонтин Креницкийдің анасының Горький селосындағы үйінің жанында түскен суреті.

Леонтин Креницкийдің анасының Горький селосындағы үйінің жанында түскен суреті.

 

- Валентина колхозда жұмыс істеді. Стася мұғалім болып істеп, зейнет демалысына ауылдық балабақша директорлығынан кетті. Полина медициналық техникумды тәмамдады. Галина ауылдық почтада меңгеруші болған. Ағам кинотехникумды бітіргеннен кейін киномеханик болды. Маня индустриалдық техникумды бітіріп, зауытта жұмыс істеді, – дейді ол.

Креницкийлер отбасында өзара полякша сөйлеген. Сондықтан Леонтин Креницкий поляк тілін бала кезінен біледі. Ташкенттегі мәдени орталықта поляк тілінде оқытатын сынып ашылған кезде жұмысбастылықтан жиі бара алмаса да, тілін жетілдіру үшін соған қатысқан. Леонтин Креницкий Алматыда «Вензь» поляк мәдени орталығы жұмысына қатысады.

Леонтин Креницкийдің әке-шешесі Горький селосында сол күйі – көз жұмғанға дейін тұрып қалған. Екеуі түп-тамырынан мәңгілік үзілгендей Кіші Радогащьқа оралмаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: