|  | 

Саясат

Орталық Азия мен Ресейде Трамп жеңісіне реакция ұқсас болды

Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің АҚШ президенті сайлауындағы Дональд Трамптың жеңісі үшін ішіп тұр. Мәскеу, 9 қараша 2016 жыл.

Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің АҚШ президенті сайлауындағы Дональд Трамптың жеңісі үшін ішіп тұр. Мәскеу, 9 қараша 2016 жыл.

Халықаралық баспасөз Орталық Азия елдері Ресейге жылы қабақ танытқан Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына қуанып жатқан сыңайлы деп жазады. Қытайдың Орталық Азиямен «прагматикалық ынтымақтастығы» туралы да назарға ілінген.

ТРАМПТЫҢ САЙЛАУДАҒЫ ЖЕҢІСІНЕ РЕАКЦИЯ

Америкалық EurasiaNet сайтында жарияланған «Орталық Азия Трамптың Ресейге деген достық пейіліне тәнті» деген мақалада Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына қатысты Орталық Азия елдері басшыларының реакциясын сипаттаған.

«[Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трампқа құттықтау жеделхатымен] асығыс жолдаған жылы лебізінен оның қуанышты екенін аңғару қиын емес. Ресейдегі [президент] Владимир Путин тәрізді Назарбаев та Трампты демократия мен адам құқығын дамыту сияқты «ұсақ-түйекке» алаңдамайтын адам көретін сыңайлы» деп жазады EurasiaNet.

Хиллари Клинтонның АҚШ мемлекеттік хатшысы болған кезде Қазақстанға келуі. Астана, 30 қараша 2010 жыл.

Хиллари Клинтонның АҚШ мемлекеттік хатшысы болған кезде Қазақстанға келуі. Астана, 30 қараша 2010 жыл.

Мақалада АҚШ президенттігіне сайлауда жеңілген кандидат Хиллари Клинтон Қазақстанға 2010 жылы барған сапарында сол кезде түрмеде отырған құқық қорғаушы Евгений Жовтиске араша түсіп, «адам құқығы саласындағы прогресс» үшін Астананы мақтап кеткен деп жазады. Мақалада Қазақстан парламенті депутаты Мәулен Әшімбаевтың «Вашингтон мен Мәскеу арасы жақсару перспективасына байланысты Трамптың жеңісі Қазақстан үшін тиімді болуы мүмкін» деген сөзіне сілтеме жасалған.

Орталық Азияның өзге елдері де осыған ұқсас сарында пікір білдіріп жатыр. Мысалы, қырғызстандық саясаттанушы Шерәділ Бақтығұлов Қырғызстанға жанама әсері етуі мүмкін болғанымен, бұл ел Америка мен Ресей қатынастарының жақсаруына мүдделі екенін айтады. Ал қазір өз президентін сайлауға дайындалып жатқан Өзбекстанда «жұрттың бүкіл назары желтоқсанның 4-інде өтетін сайлауға ауған».

«Вашингтонның Өзбекстанға қатысты саясатында қауіпсіздік мәселелеріне енді көбірек мән беріледі деп күтуге болады. Тәжікстанда да осыған ұқсас жағдай, Трамптың жеңісіне қатысты Душанбенің алғашқы пікірлері осы позицияны білдіреді» деп жазған EurasiaNet. Ал Түркіменстанда жоғары лаузымды ресми тұлғалар АҚШ-тағы сайлау қорытындыларына қатысты пкірілерін ашық жариялаған жоқ.

ҚЫТАЙДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Қытайдың Xinhua жаңалықтар сайтындағы «Қытай премьерінің сапары Еуразия елдерімен прагматикалық ынтымақстастық орнатуға көмектеседі» деген мақалада Қырғызстан, Қазақстан, Латвия және Ресейге барған Қытай премьер-министрі Ли Кекиангтің жуырда аяқталған сапары нәтижелерін «прагматикалық ынтымақтастық» деп атаған. Бұған қоса ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер премьер-министрлерінің жыл сайынғы саммиті мен Орталық және Шығыс Еуропа елдері басшыларының кездесуіне де қатысқан.

Қытайдан Иранға келген алғашқы поезды қарсы алу рәсімі. Тегеран, 15 ақпан 2016 жыл.

Қытайдан Иранға келген алғашқы поезды қарсы алу рәсімі. Тегеран, 15 ақпан 2016 жыл.

«Премьер сапарының тығыз кестесі көптеген салада – әлгі елдердің даму стратегиялары синергиясы, өндіріс қуаттылығын арттыру сияқты мәмілелерден бастап ынтымақтастық орнату жөніндегі жаңа құжаттарға қол қоюға дейінгі мәселелер бойынша жемісін берді» делінген мақалада. Мұндай салалар қатарында Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасын» Қазақстанның «Нұрлы жол» стратегиясы мен Қырғызстанның «Белдеу және жол салу бастамасы» стратегиясымен ұштастыру жайлы ұсынысы айтылады.

Америкалық Forbes журналы блогтар бөліміндегі парағында комментатор Уейд Шепард «Еуропа ақыры Жаңа жібек жолына бет бұра бастады, сондықтан бұл маңызды болуы мүмкін» деген мақаласында «Жаңа Жібек жолы» трансеуразиялық бастама шапшаң дамып келе жатқанын жазған. «2016 жылдың аяғына қарай Жібек жолын дамыту қарқынды жүріп жатыр. Бүкіл Еуразияны қамтитын жаңа инфрақұрылымдарға құйылған миллиардтаған доллардан бөлек, қажетті саяси, экономикалық және қаржы құрылымдары да орнатылып жатыр. Бұрын Орталық Азия елдері деспоттарының сандырақ арманы сияқты болып көрінген нәрсе қазір әлем халқының 70 пайызын, энергия ресурстарының 75 пайызын және ЖІӨ-нің 70 пайызын қамтитын географиялық кеңістікті біріктіретін шындыққа айналды».

Мысалы, Қытай мен Польшаның Лодзь қаласы арасында темір жол қатынасы орнағанын жазған. Лодзь Қытайдан келетін трансконтиненталды жүктерді алатын үлкен транспорттық портқа айналып келеді, бірақ сонымен біге қазір тауарын Шығысқа жөнелтіп жатқан еуропалық өндірушілер де көбейіп барады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: