|  |  |  | 

Жаңалықтар Оқиға Шоу-бизнис

“Ағайынды төртеу” қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасар арнайы рейспен еліміздің батысына жеткізілді. Бүгінде қылмыс әлемінің серкесі басқаратын ұйым туралы мәліметтер тарауда.

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

ЕРКІН ІЗБАСАР. ФОТО: WRESTLING.KZ

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

“Ағайынды төртеу” деп аталатын қылмыстық топ еліміздегі мұнай және есірткі тасымалын бақылаған. Бір кездері бұл ұйымға мүше адамдардың саны 300-ге дейін жеткен. Ал Еркін Ізбасар бұл қылмыстық топты бірнеше жылдан бері басқарып келеді.

Сонымен қатар, қылмыстық топ базарлар мен автотұрақтарды, Қазақстан мен Қытай шекарасынан өтетін заңсыз тауарларды тікелей бақылады.

Тіпті, отандық шоу-бизнес жұлдыздарын да назарсыз қалдырмаған. 

“Ағайынды төртеу” деп аталғанымен, бұл топ мүшелерінің бір-біріне туыстық қатынастары жоқ. Олардың есімдері – Құрман, Қайрат, Серік және Еркін. Бұл қылмыстық топ елімізде асқан қатыгездігімен танылған.

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: