НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. “ХАБАР” АРНАСЫНАН КАДР
“Сенің жақсы министр болғаның есімде. Бүгінде Қаржы министрінің ғимараты долларға ұқсайды… Астанада құрылыс тоқтап қалған сәтте, түнгі бір жарымда мен сені оятып “маған 50 млн доллар тауып бер, құрылысшыларға төлеуім керек” деген едім”, – деп есіне алды Назарбаев.
Павлов президенттің сөзін растап, әрі қарай не болғанын баяндады.
“Расымен солай болды. Сіз түнгі бір жарымда хабарластыңыз… Жұмыста отырған едік, қоңырау келіп түсті. “Сіз президентпен сөйлесетін боласыз” дегенде қалжың шығар деп ойладым. Сәтсіз қалжың болар дедім. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының дауысын естідім. “Ұйықтап жатырсың ба” деп сұрады. “Жоқ, жұмыста отырмын” дедім. “Таңертеңге дейін 50 млн доллар табу керек” деді… Таптық, есеп бердік. Сол кезде президенттің ешуақытта ұйықтамайтынын ұқтым. Бұл мәселелерді уақытында шешіп отырған дұрыс екен”, – дейді Павлов.
Пікір қалдыру