“Еуропаның ең үздік жеңіл көлігі” – Opel Astra
1964 жылдан бері кәсіпқой автоөндіріс сарапшылары мен журналистері өткізіп келе жатқан “Еуропаның ең үздік жеңіл көлігі” атты байқау жүлдесін 2016 жылы жеңіп алған машина – мына тұрған Opel Astra. Бір таң қалғаным – Opel бұл жүлдені бес рет жеңіп алған. Opel десе, көз алдыма 1990 жылдардың ортасынан бері Қазақстанға ағылған, Аягөз сияқты тұтас қалаларды жаулап алған ескі “Астралар” мен “Вектралар” елестейтін. Ал бұл компанияның соңғы он шақты жылда шығарған көліктері Еуропада әрі жанармай үнемдегіш, әрі экологиялық таза деп танылып келеді екен. “Еуропаның ең үздік жеңіл көлігі” жүлдесін ең көп жеңіп алған төрт компания мыналар: Fiat (Италия) – 9 рет, Renault (Франция) – 6 рет, Ford (Германия) – 5 рет, Opel (Германия) – 5 рет. Ал тұтынушылар санасына “ең берік”, “ең сәнді” көлік ретінде сіңген, жарнамасы күшті Mercedes бұл жүлдені бір-ақ рет алған, BMW болса, мүлдем ала алмаған.
Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру