|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ 35 Ресей дипломатын елден қуды

АҚШ президенті Барак Обама

АҚШ президенті Барак Обама

АҚШ билігі 35 ресейлік дипломатты елден қуып, Мәскеуге жаңа экономикалық санкция салу туралы шешімін жариялады. Бұл – Вашингтонның АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде “Ресей ұйымдастырды” деп сипатталған хакерлік шабуылға жауабы.

Ақ Үй 29 желтоқсан күні жариялаған бұл шешімнің қабылданғалы жатқанын президент Барак Обама бұған дейін де айтып қалған. Обаманың президенттік мерзімінің бітуіне бір айдай ғана уақыт қалды. Жаңа сайланған президент Дональд Трамп Ақ Үй мен ЦРУ-дың президент сайлауы кезінде Ресейдің хакерлік шабуыл жасағаны туралы мағлұматтарына құлақ аспай келген. 20 қаңтарда қызметіне кірісетін Трамп АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларын созуға қажеттілік бар ма деген де мәселе көтерген.

Бейсенбіде Ақ Үй таратқан мәліметте Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорктегі дипломатиялық өкілдіктерінің тыңшылық жасады деген күдікпен жабылатыны жазылған. Сонымен бірге 35 ресейлік дипломат тыңшылық жасағаны үшін “персона нон грата” деп жарияланып, олардың АҚШ-тан кетуіне 72 сағат уақыт берілген. Бұған қоса Вашингтон ресейлік арнайы органдар – ГРУ мен ФСБ-нің тоғыз өкіліне қаржы және саяхат санкцияларын салды.

Президент Обаманың атынан жарияланған мәлімдемеде: “Ресейдің агрессияшыл іс-әрекетіне қарсы жасаған тұтас шарамыз бұл ғана емес. Уақыты мен мекеніне қарай тиісті шара қолдана береміз, олардың кейбірі әлі жарияланған жоқ” деген жолдар бар.

ЦРУ, ФБР мен америкалық басқа да барлау ұйымдары Ресей үкіметінен нұсқау алған хакерлер сайлауалды науқан кезінде АҚШ Демократиялық партиясының және басқа да лауазымды өкілдердің сервері мен электрондық пошталарына бұзып кірді деген тұжырым жасаған.

9 желтоқсанда The Washington Post газеті ЦРУ ресейлік хакерлер тек америкалық сайлау жүйесіне нұқсан келтіріп қоймай, Трамптың президент сайлауында жеңіп шығуына көмектеспек болды деп хабарлаған. The New York Times газеті хакерлердің Республикалық партияның компьютерлеріне де бұзып кіргенімен бұл партияға нұқсан келтіретіндей электрондық хаттар мен материалдарды әшкере етпеген деп жазған.

Сарапшылар бұдан соң Ресейдің хакерлері Трамптың қолын Ақ Үйге жеткізуді мақсат етті деген қорытынды жасаған. Дональд Трамп 8 қарашада өткен президент сайлауында демократ кандидат Хиллари Клинтоннан үстем түскен болатын.

Бұл тұжырымдарды Трамп үнемі жоққа шығарып келген. 11 желтоқсан күні берген бір телесұхбатында ол демократтар өзін жеңістен айыру үшін ЦРУ-дің мәліметін пайдаланып бағып жатыр деген пікір айтқан.

Бірақ Трамп Конгрестегі Республикалық партия өкілдерінің тарапынан да қысымға ұшырай бастады. Республикашыл заң шығарушылар ресейлік хакерлердің әрекетін жан-жақты тексеруді талап етіп жатыр. Қаңтарда Сенаттың үш бірдей комиссиясы бұл мәселені қарамақ.

Кремль АҚШ-тың Демократиялық партиясы мен сайлау жүйесіне жасалған хакерлік шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді. Бірақ Ресей президенті Владимир Путин бұл мәселеге қатысты екіұшты комментарийлер айтып қалған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: