|  |  | 

Көз қарас Саясат

Қазақстандағы «орыс жерлері» жайлы сөз «Ресейдің ресми позициясы емес»


Ресей мемлекеттік думасының депутаты Павел Шперов.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Павел Шперов.

«Қазақстаннан байырғы орыс жерлерін қайтарып алу» туралы Ресей депутаты Павел Шперовтің сөзіне қатысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі «позициясын білдірді» деген хабар тарады. Ал қазақстандық сарапшы «Шперовтің пікірі Ресейдің ресми позициясы емес» дейді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) баспасөз қызметі жетекшісі Әнуар Жайнақовтың жергілікті БАҚ өкілдеріне жарияланған пікіріне қарағанда «Қазақстан ұстанымы Ресей сыртқы істер министрлігіне телефон арқылы білдірілген, сөйтіп екі тарап екі елдің қарым-қатынасы мемлекеттік шекара туралы келісім мен тату көршілік және одақтастық негізінде құрылатынын қуаттаған». Ақпанның 1-і күні Қазақстан сыртқы істер министрі орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасиннің телефон арқылы сөйлескені туралы СІМ сайтында да ресми ақпарат жарияланды.

Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер бойынша комитеті төрағасы Леонид Слуцкий бұл жөнінде «мемлекеттік Думада Қазақстан мен Ресей шекарасын қайта қарау туралы идея ешқашан айтылған емес» деп мәлімдеген. Слуцкийдің сөзінше «депутат Павел Шперовтың сөзін Украина ақпарат құралдары бұрмалаған». Бұл ақпаратты Ресейдің «Россия сегодня» халықаралық медиатобының РИА Новости агенттігі де таратты.

Қаңтардың 26-сы парламенттік дөңгелек үстел отырысында Дума депутаты, ЛДПР партиясы мүшесі Павел Шперов «біз – ұлы елміз, дүниежүзіндегі өз мүддемізді қорғауымыз қажет. Таяу шетел деп жүрген елдерде әзірге мұндай мүмкіндік бар. Қазақстандағы орыс отандастырымызды диаспора деу қате, өйткені олар отырған жер – уақытша шетел иеленген біздің жеріміз. Мәңгілік шекара жоқ, біз әлі Ресей шекарасына қайта ораламыз және ол таяу уақытта жүзеге асады» деген еді. Азаттық тілшісі Қазақстан СІМ-і таратқан ақпаратқа орай бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаевпен сұқбаттасып, пікірін білді.

Азаттық: - Ресей думасының депутаты Қазақстанның мемлекеттік шекарасына күмән келтіруін қалай бағалауға болады?

Қазбек Бейсебаев: - Бұл – Ресей [Украинадан] аннексиялаған Қырымнан сайланған депутат (Шперовті айтады) біздің шекаралық облыстарымызға өзі көрген Қырым тағдырын ұсынып отыр деген сөз. Дума депутаты – ресми қызметкер. Сондықтан, бұл – депутаттың ғана емес, Ресейдің де үлкен қателігі. Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастағы одақтас ел болып саналамыз. Оның үстіне соңғы уақытта Қазақстан Ресей мен өзге елдер арасындағы жанжалдарды шешуге араағайындық жасап отыр. Мәселен, Ресей мен Түркия арасындағы жанжалдан кейін екі елдің татуластыруға күш салған – Қазақстан. Оны Түркия президенті ашық айтты. Ресейдің өтініші бойынша Қазақстан таяуда Сириядағы жанжалдасушы тараптар арасында келіссөз өткізуге мүмкіндік жасады. Яғни, Қазақстан Ресейдің халықаралық саяси жанжалдарын реттеуге көмектесіп отыр деген сөз. Дәл осындай кезде Ресей депутатының мұндай ұшқары сөздер айтуы – Ресей тарапынан жасалған қателік.

Азаттық: - Қазақстан сыртқы істер министрлігі неге наразылық нотасын жолдамады?

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев.

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев.

Қазбек Бейсебаев: - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жібермегеніне қарағанда, ресейлік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды ушықтырмауға келіскен сияқты. Ресей бұл пікірді (Шперовтің пікір айтады – ред.) ресми пікір деп мойындаған жоқ.

Азаттық: - Дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий «мұндай сөзді Украина журналистері бұрмалап жариялады» дегенді айтты…

Қазбек Бейсебаев: - Жоқ. Ол – Шперовтің дөңгелек үстелде айтқан сөзі. Өзім де тыңдадым, бұрмаланған ештеңе жоқ. Бәлкім ол журналистердің бұл сөзді жазып алатынын білмеген шығар.

Азаттық: - Депутат Шперов өз сөзінің Қазақстанда талқыланып жатқанын білген және қайта комментарий берген кезінде «әлемнің саяси картасы өзгере береді, таяу шетелдердегі орыс тілділер титулды ұлттардан қысым көріп отыр» деген. Шперовтің сөзі Ресей сыртқы істер министрлігі мен Дума төрағасы ұстанымымен сай келмей тұр ғой?

Қазбек Бейсебаев: - Егер ол депутат бұрынғы сөзін, тағы қайталап, растаса, онда басқа мәселе. Онда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырып түсініктеме сұрай ма, әлде наразылық нотасын жолдай ма, әйтеуір мәселені қайта қойып, нақтылауы тиіс. Дума депутаты қарапайым тұрғын емес. Ол кем дегенде парламенттік партияның саясатын білдіріп отыр деген сөз. Егер ол жеке пікірі болса онысын атап көрсетуі керек.

Азаттық: - Қазақстанның территориялық тұтастығына қол сұғу тұрғысындағы пікірлерді Ресей билігі өкілдері алғаш рет айтқан жоқ. Дума депутаты Жириновскийдің де сол тақілеттес пікір айтқаны белгілі. Бұған қатысты не айтасыз?

Владимир Жириновский.

Владимир Жириновский.

 

Қазбек Бейсебаев: - Қазір Ресейде халықаралық жанжалдар онсыз да жеткілікті. Украинамен арадағы жанжалды айтпағанда Сирия мәселесі бойынша Батыспен арадағы қайшылығы бір басынан асып жатыр. Дегенмен Ресейде Қазақстанға қарата мұндай пікірлердің айтылуы бәлкім бізге де дұрыс болған шығар. Осы арқылы Ресей саяси билігінде өзгеше ойлайтындардың бар екеніне көзіміз жете түседі.

Азаттық: - Қалай болғанда да бұл сөзді Дума депутаты айтты. Депутат Қазақстанның кейбір аймақтарын Қырыммен салыстырып отырған жоқ па?

Қазбек Бейсебаев: - Қырым жанжалымен салыстыра алмаймыз. Қырым жанжалы туғанда Украина Ресеймен арадағы шекарасын толық делимитациялап үлгермеген еді. Оның үстіне Қырым қалай дегенде бұрын Ресей жері болғаны рас және Украина мен Ресей өзара мәдениеті жақын елдер. Қазақстанның Ресеймен шекарасы делимитацияланып, БҰҰ-да бекітілген. Қазақстан мен Ресей арасында территориялық жанжал туса оның халықаралық деңгейдегі ауқымы Қырымнан әлдеқайда күшті болады.

Қырымға басып кірген Ресей солдаттарының бірі. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл.

Қырымға басып кірген Ресей солдаттарының бірі. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл.

 

Азаттық: - Қырымды анннексиялайтын кезде Ресейдің ресми тұлғалары осыған ұқсас мәлімдемелер айта бастаған еді деген пікірлер рас па?

Қазбек Бейсебаев: - Айтылды. Ресей депутаттары Қырымға, Севастопольге барып түрлі саяси мәлімдемелер жасағаны белгілі. Оның ішінде Мәскеудің бұрығы мэрі Юрий Лужков та болды. Кейін Қырым аннексияланғанда мұның бәрі дайындық секілді көрінгені рас.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рақмет.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: