| Азия инфрақұрылым инвестициялары банкі
  • Жаһан жаңалықтары

    Пекинде жаңа азиялық банк келісіміне қол қойылып жатыр

    Пекинде Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банкке бәсекелесуі тиіс жаңа халықаралық қаржы ұйымы – Азия инфрақұрылым инвестициялары банкін құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтіп жатыр–деп хабарлайды аззаттық радиосы. Келісімге Азия инфрақұрылым инвестициялары банкіне бастапқы капитал үлесін анықтайтын 57 мемлекет өкілдері қол қоюы керек. Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Кореямен бірге құрылтайшылар құрамына кіретін Австралия құжатқа алғаш боп қол қойғаны хабарланған. Жапония мен АҚШ бұл банк құрылтайшылығына қатыспайды. Пекиннің «жұмсақ күш» саясатының ықпалы бар деп санаған Вашингтон банктің басқару стандарттарына күмәнмен қарайтынын білдірген. 2014 жылы қазан айында 21 құрылтайшы мемлекеттің шешімімен құрылған Азия инфрақұрылым инвестициялары банкі Азиядағы энергетика, көлік және инфрақұрылым жобаларына инвестиция салуы тиіс.2015 жылдың жартысынан әрі қарай банк жұмысы басталады деп есептелген.

    373
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: