«Астана Арландары» «Куба Домадорестан» басым түсті
Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық жекпе-жектің алғашқы күні бүгін өткен бес кездесудің қорытындысында «Астана арландары» 3:2 есебімен алға шықты. Шаршы алаңдағы алғашқы кездесудің шымылдығын 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен Йоанис Оскар ашып, жерлесіміз кубалықты бет қаратпай ұтты. Сөйтіп, ақтық айқастың алғашқы кездесуін жеңіспен бастаған «арландар» бірінші күннің жалпы қорытындысын өз пайдасына шеше алған еді. Теміртастың жеңісін команда капитаны Самат Бәшенов пен жас «арлан» Мейірім Нұрсұлтан да қайталаған. Алайда 56 келі салмақ дәрежесіндегі Қайрат Ералиев әккі кубалықтың осал тұсын таба алмаса, төрешілердің шешімімен 91 келідегі қазақстандық боксшы Василий Левит Эрисланди Савон Котилладан жеңіліп қалды. Финалдық кездесудің жекпе-жектері ертең де