Азамат деп Асхатты айт!
Қайда қарасаңыз да, айналадағы жағымсыз жаңалықтардан көз сүрiнедi: iшiп қою, жеп қою, тонап кету, атып кету, пәленбай миллион долларды қалтаға басып шетел асып кету, түгенбай миллион парамен ұсталып қалу және т.б. т.с.с. Ғалымдардың айтуына сенсек, осындай жағымсыз жаңалықтарды ести-ести iшқұсалыққа ұрынған адамдар да бар екен арамызда. Ал бұл жолғы жаңалық… Шын мәнiнде, Дәуiт пайғамбардың шамдалының жарығы түскендей сәулелi, жағымды жаңалық. Ендi осы жаңалықпен танысалық. 25 жастағы Асхат Мырзабаев Англияда “Barclays” атты банктер жүйесiнде жұмыс iстеп жүрiп, 2 миллион доллар табыс тауыпты. Жақында Асхат осы 2 миллион долларды қатерлi iсiктi (рак) зерттейтiн халықаралық ғылыми орталыққа аударған. Бұл жөнiнде Асхаттың өзi не дейдi? Құлақ түрелiк: – Онкологиялық ауруханаларды көбейткеннен ештеңе өнбейдi, одан да қатерлi iсiк қалай,