Шарқи Түркістан атты әскері жайлы не білеміз?
Шарқи (Шығыс) Түркістан ұлттық әскері дегенде көз алдыңызға атқа қонып жауға шапқан кісінің әлде бір елесі пайда болса, онда сіз дұрыс пайымдаған боласыз. Шынымен де Шарқидың жүзде сексен пайызы (80%) атты әскер болған. Қолға қару алып ат жалын ұстап мініп жауға шүйлігу қай xалықтың қанына сіңген өмір таңдауы екенін тариx өзі ашып айтар уақыты келіп шындығы айпарадай ашылғанда. Отыз мыңға дейін көбейген ұлттық әскердің 60-70 пайызы қазақ болғаны Қытай деректерінде де анық тұр. Өкініштісі, көтерліс бастап елді азаттыққа шығарған әскердің көбін Құлжадағы бай-шонжарлар «рақметін айтып» ауылдарына қайтарып жібергенін біреу білсе біреу білмейді. Сондай қайтарумен келген бір-екі ақсақал біздің ауылда да бар еді. Мен бала кезімде күзеулікте соларды көруші едім. Қанжілік