|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

Шарқи Түркістан атты әскері жайлы не білеміз?

Шарқи (Шығыс) Түркістан ұлттық әскері дегенде көз алдыңызға атқа қонып жауға шапқан кісінің әлде бір елесі пайда болса, онда сіз дұрыс пайымдаған боласыз. Шынымен де Шарқидың жүзде сексен пайызы (80%) атты әскер болған. Қолға қару алып ат жалын ұстап мініп жауға шүйлігу қай xалықтың қанына сіңген өмір таңдауы екенін тариx өзі ашып айтар уақыты келіп шындығы айпарадай ашылғанда.

Отыз мыңға дейін көбейген ұлттық әскердің 60-70 пайызы қазақ болғаны Қытай деректерінде де анық тұр. Өкініштісі, көтерліс бастап елді азаттыққа шығарған әскердің көбін Құлжадағы бай-шонжарлар «рақметін айтып» ауылдарына қайтарып жібергенін біреу білсе біреу білмейді.

Сондай қайтарумен келген бір-екі ақсақал біздің ауылда да бар еді. Мен бала кезімде күзеулікте соларды көруші едім. Қанжілік боп шайқастарға қатысып, ел азат болған соң үнсіз ауылға қайтып оралып, қара табан қойшы болған. Бағалау жоқ, марапат жоқ, әлеуметтік көмек те көрсетпепті оларға. Көбі үлкендердің айтуынша 55-62 жылдары Арғы бетке асып Совет азаматтығына өткен. Кішкене кезімде ауылдағы ақсақалдардың кеңестерін кіресілі-шығасылы еститінмін, сонда ол кәртең ақсақалдар сартты боқтап отыратын.

Кейін ес жиып, етек-жеңімізді түзеген кезде бұған қатысты кітаптар оқи бастадық. Сонда кей автор бұл оқиғаны сензурамен әрең жарық көрген кітаптарының мазмұнына білдіртпей де енгізіпті, жалпы басынан оқып келе жатқан естияр оқырман бірден түсінеді.

Мына сурет Манас өзенінің бойын күзеткен қалың қазақтың белгілі тариxының белгісіз сурет бейнелері. «Манастың бойын күзеттік», «Манас бойында ұзақ жатып қалдық» немесе «Манастан қайттық» дегенді үлкен ақсақалдардың айтқандарынан құлағымыз тыңдап қалатын. Сол Манас бойында деректерге сүйенсек шамамен он мыңдай (10 мың) әскер шекаралық күзетте тұрған екен.

Және бір сәйкестік Әскери күштің Манасқа дейін созылып Манаста қалың қазақ әскердің кідіріп қалуы Іле Уалаятындағы әкімшілік билікті «бөліске» салып, жаңа реттеу жүргізуіне де тура келіп қалады екен. Қазақтың негізгі әскери күші Іле уалаятынан шығып Манаста кідіріп қалғанда арт жақта кімдер қандай астыртын ойын бастады кім білсін?!

Біз білмейтін дүние баршылық…

Әзірге осы.

Orda Eldec-тің facebook парақшасынан

Related Articles

  • ҰЗЫНМЫЛТЫҚ (ҚҰТЫМБЕТ) – ТАРИХИ ТАУ ТҰЛҒА

      Орта жүз – Керей – Абақ – Шеруші – Күнтуғаннан тараған атаның бірі – Ұзынмылтық(Құтымбет). Алаштан Қазақ тарады, кейін ғасырлар қойнауындағы тарихи әр кезеңде өсіп-өнген жүздеген рулар негізінде Үш Жүзден қазақ халқы қалыптасты. Жүз-рулар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Жүздің басты сипаты туыстық, кәсіптік, әдет-ғұрыптық, басқару негізіндегі қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Қазақ қоғамы аталық, рулық, тайпалық, жүздік жүйемен құрылып, қалыптасқан. Ру-қауымдастықтың кіші сатысы. «У ішсең руыңмен»дейді. «Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық»деп рудың атын қояды, жерін белгілейді. Алайда ең бастысы рудың мүддесін ойлап, сөзін сөйлетін, тентегін тезге салып, тектісін жебейтін – биі, руды бағатын – байы, қорғайтын – батыры болу керек.Онсыз ру құрылмайды. Құтымбет рудың биі де, батыры да болды.

  • Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл. Адамзат космосты игере алды ма?

    Юрий ЖИГАЛКИН Гагариннің ғарышқа ұшуына 60 жыл толуына арналған баннер. Санкт-Петербург, 7 сәуір 2021 жыл. Бүгін, 12 сәуір күні адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толып отыр. 1961 жылы осы күні Совет ғарышкері Юрий Гагарин Байқоңыр айлағынан Жер орбитасына ұшқан еді. Осылайша СССР ғарышты игеруде Америкадан озғандай болды. Гагариннің ұшуы АҚШ-қа қалай әсер етті? Алпыс жыл ішінде ғарышты игеру қай деңгейге жетті? Илон Маск космонавтика символына айналды ма? Азаттық радиосының Орыс қызметі осы және өзге де сұрақтарды Джордж Вашингтон университетінің профессоры Джон Лонгсдонмен және Russianspaceweb сайтының жетекшісі Анатолий Закпен талқылады. Америкалықтардың өз ғарыш қаһармандары бар және ғарыш тарихы да бай. Ал Ресей халықаралық ғарыш станциясына жасаған драмалық қиын-қыстау сапарларымен еске түседі. Джон Логсдонның айтуынша, АҚШ-тың ғарышты

  • Қатыш дөңі АЗАПТЫ КҮНДЕРДЕН ҚАЛҒАН ІЗ

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Увқытша өкіметінің құзыры жүріп тұрған кез. Елдің солтүстүгінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып, елдің аласпыран кезді басынан өткеріп жатқан ды. Қаратауды жайлаған Қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі аңшылықпен өмірі өткесін "ҚАПҚАН" атанып кетен. Сол Қабекең ер жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын туыстарын ертіп, елден бөлініп, Қордай жақтағы Тереңөзек деген шағын көлді мекен екткеніне де бір жылдай болып қалған. Тереңөзектің маңы қалықң қарағай , адам өтетін жер шамалы, өзекке келетін бір ғана жалғыз аяқ жол бар. Қапан аңшы адам аяғы баса бермейтін қуысты мекен етіп отырғанымен, тауға шыққанда , бір шама елдің анда санда Қордай асып бара жатқанын

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

  • Қазақтың ұлы даласы мен елін, жерін қорғаған батырлары

      (Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арнаймын) Авторы: тарихшы, фольклорис, филолог, алаштанушы Керімбайұлы Таласбек Тауасар Ескерту: Бұл мақаланы баспаға бастыру және  сайыттарға шығару тек автордың рұхсатымен болады. 2021 ж Қазақтың ұлы даласы мен елін, жерін қорғаған батырлары Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдық тойы. Ата – бабаларымыз сан ғасырдан бері білектің күші мен найзаның ұшы мен ұлы дала елінің жерін, халқын жанқиярлықпен қорғап, қазақ даласына шабуыл жасаған жауларын жер жастандыра жойды. Ата- бабаларымыздың « ….Көш жолынан көресің көшпендінің, тарихта қалдырған өшпес ізін….. », « Көзі бабамыздың бір көргенде түскен жері, білектің күші, найзаның ұшы тиген жері»  деп қазақтың ұлы даласын қорғауы бізді батырлар ұрпағы екенімізді  барша әлемге пәш етті.

1 пікір

  1. erzat mellat

    hazahha harse ukimet,hazahte hazahha herghezgan sobetshil,ukimet,shaphenxelarga bir oh atpay berilgen uletteh armya,ukimet tili uyghur tili,basshlare ongkey sart,ores,hazah ardahtayten ukimet emes negizi

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: