Курил аралдары және аяқталмаған соғыс
Ресей үшін Курил аралдары – әскери олжа, ал Жапония үшін – Батыстың араласуы және советтік басқыншылық салдарынан айырылып қалған территория. Екінші дүниежүзілік соғыста соңғы рет қару атылғалы бері 70 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ төрт аралдың мәселесі әлі күнге дейін бейбітшілік бітімін жасаспаған Ресей мен Жапония арасындағы жер дауына айналған. 1 Reuters фотографы Кунашир аралында түсірген иттің суреті. Бұл Ресей иеленіп алған төрт аралдың бірі, Жапония оны солтүстіктегі өз территориясы санайды. Кунашир аралы Жапонияның негізгі территориясынан небары 20 шақырым қашықтықта орналасқан. 2 Кунашир аралында көлікте ернін бояп отырған орыс әйелі. Аралдарға қатысты дау Ресей мен Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қоймағанын білдіреді.