Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту
Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан, Қиын, қызық әрбір жай. Жас күнінде, Абылай, Үргеніштен мұнда кеп, Сарыарқаны жерім деп, Қалың қазақ елім деп, Келмеп пе едің жаяулай?! Төле биді тапқанда, Күндіз түйе баққанда, Жалғызбын деп шошымай, Еш малшыға қосылмай, Қара жерге отырмай, Күпінді салып астыңа, Жең жастанып басыңа, Қол-аяғың төрт жақта, Жатушы едің сол шақта, Ұмыттың ба соны, Абылай! Жиырма жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын қаққанда, Қанжығаңа бас байлап, Жау қашты деп айғайлап, Абылайлап шапқанда… Ұмыттың ба соны, Абылай! Сол ерлікпен хан болдың, Әлем асқан жан болдың, Барша әлемге даң болдың, Ұмыттың