Ирандағы көрге түнейтіндер елді шошытты
Тегеранның сыртындағы бейітте тұрып жатқан адамдар. Иранда күнделікті шығатын Sharvand газетіндегі сурет. Тегеранның сыртындағы зиратта қазулы қабірде тұрып жатқан үй-күйсіз жандардың суреттері қоғамда наразылық тудырып, жұрт бұл шаруаға мемлекеттің араласуын талап етті. Суреттерден шынымен жан түршігеді – баспанасыз ерлер, әйелдер мен балалар барар жер таппаған соң моланы паналап келген. 50 шақты ирандық азаматтың Тегеранның сыртындағы зиратта тұрып жатқанына бірнеше жыл болған тәрізді. Қайыршылықтың шегіне жеткен жандардың қазулы көрдегі [Иранда қабірді алдын-ала қазып қояды] тірлігі жайлы қорқынышты суреттер қатардағы азаматтарды да, биліктегі лауазым иелерін де шошытты, жұрт үкіметтің шара қабылдауын талап етті. Күнделікті шығатын Шахрванд (Shahrvand) газетінің бірінші бетінде желтоқсанның 27-сі күні жарияланған үйсіз-күйсіз жандар туралы мақалада Тегеранның сыртындағы Шахрияр кентінде