Қазақстан Африкада мұнай өндіруге ниетті
Батыс басылымдары Малавиде мұндай өндіруге қазақстандық мамандар қатысуы мүмкін екенін, ал мұнай бағасының құлдырауы Ресейді әлсіретіп, геосаясатқа әсер етіп жатқаны жайлы жазады. Мұнай кенішіндегі бұрғылар. (Көрнекі сурет.) Африканың AllAfrica.com жаңалықтар сайты Малави көлінен мұнай өндіруге 2014 жылы салынған тыйым алынып тасталғанын хабарлады. Бұл туралы Малави астанасы Лилонгва қаласында өткен баспасөз жиынында елдің сыртқы істер министрі Джордж Чапонда мәлімдеген. Оның айтуынша, Малави көлінен мұнай мен газ өндіруді қайта бастауға Қазақстан мен Грузия мамандары қатыспақ. Сайттың жазуынша, Джордж Чапонда Қазақстан сыртқы істер министрі орынбасары Ержан Ашықбаев, Грузия сыртқы істер вице-министрі Давид Джалагания және Марокко сыртқы істер министрі орынбасары Зала Хеддин Мезуармен кездескен. Африка одағына мүше елдердің Эфиопиядағы 26-саммиті кезінде өткен кездесуден кейін Джордж Чапонда