МҰҚАНОВ СӘБИТ МҰҚАНҰЛЫ
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген. 1922-1926 жылдары