Ұлылардың қадырын кеш білеміз
Ш. Бөкеев «Ұлы» деген осы бір ұш-ақ әріптен Тұратын сөз күнделікті өмірде, ауыз жүзінде айтуға өте оңай болғанымен, әмәлят барысында, қадырын түсінетін адамдар жонынен алғанда өте бір салмақпен, сабырмен, сақтықпен, таңдап, талғап, екшеп қолданылатын құнды сөз екендігін екінің бірі бағамдай бермес керек. Өйткені ұлы болу дегеніміз-жай ғана бір адамның баласы болу ғана емес, бүкіл халықтың қадырлеген, құрметтеген, төбесіне әлпештеп көтерген, әрі сол қадр-құрметке ылайық адамдарға ғана екшеп қолданатын ерекше салмағы ауыр сөз. Дүние жаралғалы тарихта қаншама ұлы батырлар, ұлы ұстаздар, ұлы ғалымдар, ұлы ақындар, ұлы хандар, ұлы пайғамбарлар өтті. Олардың ұлылығы қазірге дейін тарих бетінен өшпей біздің заманға жетіп отыр. Кейде сол ұлылықтың уақтында бағаланбай таласқа түсіп жататын кездері де болады.