«Нью-Йоркке келгелі мақсатыма бір табан жақындағанымды сеземін»
Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Нью-Йоркте тұратын қазақ Жолдас Өрісбаев. АҚШ-тағы басылымдардың бірінде тәжірибеден өтіп жүрген қазақ жігіті ол елдегі журналистика туралы, Нью-Йорктегі отандастары жайлы айтты. Университетті Алматыда бітірген 25 жастағы Жолдас Өрісбаев АҚШ-қа білім бағдарламасымен барған. Қазір Нью-Йорк қаласындағы жергілікті басылымда тəжірибеден өтіп жүрген ол сол елде көрген-түйгенін әңгімеледі. Азаттық: – АҚШ-қа қалай және қашан бардыңыз? Жолдас Өрісбаев: – АҚШ-қа осыдан үш жыл бұрын Work and travel бағдарламасы бойынша келген едім. Ол кезде жаздық демалысымды осында өткізіп қайтқанмын. Содан кейін «осы жаққа жолым түссе екен, тәжірибе арттырып, кәсіби деңгейде білім алсам екен» деп біраз іздендім. Сосын университеттің соңғы курсында оқып жүрген шағымда интернет арқылы көптеген бағдарламаларды іздей бастадым. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыруымен АҚШ-та өтетін