КӨНЕ САҚТАР ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕГЕН?
Біраз бауырымыз сақтарды “парсы тектестерге” жатқызып жүр. Олар ескі суреттердегі сақтардың бет-пішіні мен қалың сақалына қарап, осындай келте шешімге келгені байқалады. Қазір де түр-тұрпаты әртүрлі қазақтарды кездестіруге болады ғой. Бір ғана мысал, Қапқаздағы ноғайдың ішіндегі наймандардың бет-пішіні де осындай болып келеді. Тіпті, өткенде қылышын көлденең ұстап отырған алайлық қазақтың суретін берген едім. Оларды қалың сақалына қарап, қазақ емес деуге болмас. Біраз күн бұрын Құбылайдың суретін де жарияладым. Еуропалықтар салғандықтан, оның түрін өздеріне ұқсатып жіберген. Бірақ, киімі мен қалпағы өзіміздің арғы бабаларымыз екенін әйгілеп тұр. Сақтардың да суретін тас бетіне басқа халықтар түсірген. Батыс және Оңтүстік-Азиялықтар салса таңғалмаймын. Олар парсылар ғой. Ескі суреттерге қарап отырсаң, кімді салса да, әркім оны аздап
