|  | 

Тарих

КӨНЕ САҚТАР ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕГЕН?

Saqtar eli

Біраз бауырымыз сақтарды “парсы тектестерге” жатқызып жүр. Олар ескі суреттердегі сақтардың бет-пішіні мен қалың сақалына қарап, осындай келте шешімге келгені байқалады. Қазір де түр-тұрпаты әртүрлі қазақтарды кездестіруге болады ғой. Бір ғана мысал, Қапқаздағы ноғайдың ішіндегі наймандардың бет-пішіні де осындай болып келеді. Тіпті, өткенде қылышын көлденең ұстап отырған алайлық қазақтың суретін берген едім. Оларды қалың сақалына қарап, қазақ емес деуге болмас. Біраз күн бұрын Құбылайдың суретін де жарияладым. Еуропалықтар салғандықтан, оның түрін өздеріне ұқсатып жіберген. Бірақ, киімі мен қалпағы өзіміздің арғы бабаларымыз екенін әйгілеп тұр. Сақтардың да суретін тас бетіне басқа халықтар түсірген. Батыс және Оңтүстік-Азиялықтар салса таңғалмаймын. Олар парсылар ғой. Ескі суреттерге қарап отырсаң, кімді салса да, әркім оны аздап өзіне ұқсатып жібергенін аңғарасың. Сондықтан сақтардың да қазақтың этногенезіне үлкен үлес қосқанын жоққа шығаруға болмайды. Сәветтік және постсәветтік тарих ғылымында сақтардың ирантілдес халық екені туралы тезис айтылып келді. Бар пәле осыдан шықты. Яғни, сақтарды шығыс ирандықтар деп атады. Кейін бұл бұлжымайтын аксиомаға айналып кетті. Ирандықтардың өзін сол заманда түріктер билегені талас тудырмайтын ақиқат. Тіпті “парс” деген атауының өзі біздің “барыс” деге сөзден шыққанын осы тарихқа қатысты топта айтып өттім. Ирандағы жергілікті тайпалар ол кезде соншалықты құдыретті бола қойған жоқ. Тіпті бертінге дейін оларды қызылбастардың (бұл да түрік тайпасы) билеп келгені біраз нәрсені аңғартады. Ал Ұлы Далада өшпес із қалдырып кеткен сақтарды Ираннан асып ешқайда бармаған сол жергілікті аборигендерінің ұрпағы дей салу, тарихқа қиянат деп білемін. Бұл шала тезис туралы орыс оқымыстысы А.П. Смирновтың өзі де: “Егер ашығын айтсақ, скифтердің тарихына қатысты негізгі сауалдардың бәрі әлі басы даулы күйде қалып отыр” деген болатын. Орталық Азиядан аттанған сақ қосындары Қара теңіздің жағалауларын басып өтіп, Солтүстік Қапқазға қарай жылжыған екен. Геродот олардың осы бағытпен шаңдатып өткенін дәлме-дәл жазған. Кейін осы жолмен түріктің қаншама тайпалары қатынады. Інжілде де скифтердің солтүстіктен келген халық екені, аяушылықты білмейтін жауынгер тайпа екені айтылады. Онда: “Иерусалимдегі жөйіттерге хабар жеткізіңдер. Арыстан жолға шықты” дейді. Тағы бір жерінде былай деген: “Мен сендердің, Израильдіктердің үйіне,-дейді Жаратушымыз, алыстағы бір тағы тайпаны әкелемін. Олар өте күшті халық. Байырғы халық. Сендер ол халықтың тілін түсінбейсіңдер, не айтып тұрғанын да ұқпайсыңдар”. Бұны сақтардың түрік тілінде сөйлегенін көрсететін ең алғашқы жазбаша дерек деуге болады. Тағы бір дәлел, Израильдіктерге, сонда мекен ететін иудейлер (жөйіт) үшін иран тілі көрші елдің тілі еді. Сауданың тілі болғандықтан олар бұл тілді жақсы түсінген. Жалпы, сол кезеңде батыс пен оңтүстік-батыс Азия тұрғындарына ирандықтардың тілі таныс тіл болатын. Ал Ұлы Даланың бір түкпірінен шыға келген жауынгер сақтар оларға түсініксіз тілде сөйлеген. Бұл, әрине, түрік тілі! Антикалық авторлар да сақтар мен скифтерді “cиноним” деп қабылдаған. Геродот парсылардың барлық скифтерді “сақтар” деп атағанын жазады. Кейін бұл дәстүр гректерге ауысып келді. Айтпақшы, гректер бұл атауды одан да кеңірек, олардың этникалық бірлігін көрсететін сақтар-скифтер-түріктер деген мағынада қолданған. Мәселен, Византия тарихшысы Менандр түріктерді скифтер деп баяндайды. Византияның түріктердің шапқыншылығына көп ұшырағанын ескерсек, түрік тілін түсінген гректер оларды парсылармен әсте шатастырмаған. Парсының кім екенін, түріктің (скифтің) кім екенін олар өте жақсы білген. Земархтың түрік ханына барған елшілігі туралы жазбада былай дейді: “Скифтер Римдіктердің өздерімен бірге алып келген заттарын бір жерге жинастырып, скиф тілінде күбірлесіп, ол заттарды отпен аластады. Осыдан кейін ғана олар Земархты ханның қабылдауына жіберді”. XIII ғасырда да Византиялықтар түрік-қыпшақтарды скиф деп атайтын әдетінен айныған жоқ. Мысырдағы билік басына қыпшақтардың келгенін баяндаған Византия тарихшысы Пахимер былай дейді: “Патшалық скифтердің қолына өткенде, Мысыр скиф тайпаларына бұрыңғыдан да көбірек мұқтаж болды. Олардан сосын әскер жасақтай бастады”. Түркітілдестер мен ирантілдес халықтардың отқа байланысты түсінігі де бірдей емес еді. Түріктер мен парсылардың отқа табыну дәстүріндегі айырмашылық туралы Гумилевтің өзі былай деп айтқан: “Орталық Азиядағы отқа табынатын культтің Зороастризммен ұқсастығы сырттай ғана. Персияда жалынға жақындап келген адам, отты демімен қорламас үшін бетперде киетін. Ал мына жақтағылар отты қара күштерді қуу үшін пайдаланды. Иранда отқа (діни) табынатын, ал түрік тайпаларында ол магиялық күш қана болды. Яғни, екеуінің арасында асып бара жатқан ешқандай ұқсастық жоқ”. Батыр бабаларымыз отты емес, қылышты қадір тұтқан. Сақтардың қорғанынан әлі күнге дейін семсер табылып жатқаны осыған дәлел. Тіпті, еуропалықтар қылышты сүйіп тұрып серт беретін дәстүрді де біздің бабалардан алған болатын. Бұл жастайынан ат құлағында ойнаған, шауып келе жатып нарды кесіп түсірген мәрт мінезді халықтың мәдениеті. «Серт бұзылса қылыш қанға боялады» деген қазақ мәтелінің түп негізі осы кезеңдерден тамыр тартады. Сонымен… Сақтардың түрік тілінде сөйлегенін, олардың өз бабаларымыз екені туралы қазақ оқырманына ойымдағы жазбаларды там-тұмдап жеткізуге тырыстым. Кең көсіліп жазуға уақыт құрғыр мұрша бермей жатыр. Алла жазса, алдағы күндері тағы бір үлкен жазбамды жариялаймын. Онда сақтарды мүлде басқа қырынан танитын боласыздар. Әзірге осыны қанағат тұта тұрыңыздар..

Жолымбет Мәкіш

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: