Наурыз көже
Қазығұртқа Нұх күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының жиырма бірінен жиырма екісіне қараған түні екен деседі. Пайғамбар апаттан аман қалғанына шүкіршілік етіп, құдайы тамақ бермек болады. Кемедегі азық-түлікті қараса, қап түбінде алақандай ет, бір-екі құрт, бір уыс бидай мен жүгері, тары, су, бір шөкім тұз қалыпты. Пайғамбар: «Тәуекел!» –дейді де, барлығын қазанға салып пісіреді. Тағамды әр былғаған сайын Алланың есімін айтып ұлықтайды. Алла періштелерге: – Көрдіңдер ме? Мен үшін қолдағы барын салып, ас беріп жатыр. Барып, қазанына кәусардан тамызыңдар, берекемді шашыңдар, – дейді. Періштелер жиналып, қазанды былғайды. Азғантай жеті түрлі дәмнен жасалған тағам берекелі асқа айналады. Жан-жануар, аң-құс жиналып, пайғамбардың қазанынан дәм татады. Содан бері Нұхтың бұл