Бізде талғам мен таңдау бар ма?
Ринат, айтшы, бізде таңдау бар ма? Талғам ше? Таңдау мен талғам бар ма? Жоқ. Оған сен және сен сияқтылар жол бермей отыр, өкінішке қарай. Анығында, талғам бар жерде, таңдау бар. Таңдау бар жерде талғам бар. Бізде екеуі де жоқ. Саясатымыз қандай болса, сахнамыз да сондай екен. Өзгеше пікір білдіргендерді, өз жолымен жүргісі келгендерді көтермейді. Бәлкім, көре алмайды. Әйтпесе, Ninety One саған не жазды, Ринат? Бәрін бастап берген сен едің. Атарға оқ, сынарға сөз таба алмай жүргендер жамыраса кетті. Бәрін бастап берген сен едің. Оларды көгілдір қылған да, оларды ұлттан бездірген де, жалпы оларға қарата неше түрлі жаман сөз айттырған да өзің едің Ринат. Сонда сеніңше өнер деген не? Кафедегі үш