|  |  | 

Руханият Тарих

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫНДА ҚАЙШЫЛЫҚ БОЛҒАН БА?

 alash aristariАлаштанушы С.Өзбекұлының тұжырымдауынша «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Лапин, М.Сералин сияқты зиялылар шариғат заңын дәріптеумен белсенді шұғылданған. Ал, «Қазақ» газетінің төңірегіне жиналған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған зиялылар қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын насихаттап, мемлекет құруда батыстың республикалық жүйесін құптады. Екі топтың да мақсат-мүддесі бодандықтың қамытын үзіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болғанмен, отаршылдыққа қарсы күресу әдіс-тәсілі, дәстүрлі құндылықтарға қатысты көзқарасы екі түрлі болды. «Айқап» журналындағы зиялылар исламшыл әрі түрікшіл болса, «Қазақ» газетіндегі зиялылар негізінен ұлтшылдық бағытты ұстанды.                            Жалпы, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Түркістан мен қазақ даласында қоғамдық-саяси көзқарастары әртүрлі бірнеше қозғалыстар белсенді жұмыс істеді. Соның ішінде діни консерватизмді жақтаған «Шура Улема» мен жәдитшіл «Шура-й Ислами» ұйымдарын атап өтуімізге болады. С.Лапин жетекшілік жасаған «Шуро-и-Улема» мен М.Бехбуди құрған «Шура-и ислами» өкілдерімен арасында айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды. «Шуро-и-Улема» өкілдері Түркістан қоғамын қайта ұйымдастыру үшін шариғат заңдарын басшылыққа алуымыз керек деп білді. С.Лапин жазған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламасында Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет» деген көзқарас айтылды. Ал, «Шура-и ислами» Түркістан халықтарының демократиялық бағыттағы саяси ұйымы еді. «Шура-ислами» ұйымы 1917 жылдың қараша айында Түркістандағы кеңес билігіне қарсы «Қоқан автономиясының» құрылуына мұрындық болды. «Түркістан мұхтарияты 1918 жылдың ақпан айына дейін өмір сүрді. Оған қарағанда «Шура-и улема» үлкен саяси күшке айнала алмағанмен, бұл ұйымның идеясын қолдаушылар Түркістандағы Кеңес үкіметінің билігіне «басмашылар» деген атпен бірнеше жылдар бойы қарсы күрескен еді.                                                                        Қазақстанда 1917 жылдардағы арпалыс кезінде солшыл эсерлер мен большевиктерді жақтаған «Үш жүз» партия өмір сүрді. Партия мүшелері өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп атады. «Үш жүз» партиясының төңірегіне Көлбай Төгісов, Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов сынды азаматтар топтасты. «Үш жүз» саяси ұйымының алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Олар «Үш жүз» атты газет шығарып, онда өздерін ұсақ буржуазияшыл демократтар екенін көрсетті. Бұл ұйымның нақты бір діни көзқарасты ұстанып, ұстанбағаны белгілі емес. Десе де, саяси күрестің нағыз қызған шағында большевиктерді жақтап шығуы, олардың исламшыл болмағанын аңғартады.                                  ХХ ғасырдың басында Ресейдегі В.И.Ленин жетекшілік жасаған большевиктік қозғалысты қолдаған Т.Рысқұлов, С.Меңдешов, Ж.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин сынды қазақ ұлтынан қайраткерлер шықты. Кедей таптың әлеуметтік мүддесін қорғаған большевиктік қозғалыстың жекелеген өкілдерінің дінге деген көзқарастары оң болғанымен, жалпы большевиктің идеяның ұстанымында дін қоғамды кертартпалыққа сүйрейтін күш ретінде бағаланды. Тіпті, социализмнің негізін салушы К.Маркс «Дін – апиын» деген болатын. Большевизм мұраттарында мемлекет пен дін арақатынасы секуляристік сипатта өрбуі керек болғанымен, большевиктер билікке келгеннен кейін қолға алған «Кіші қазан» төңкерісінде дінбасыларды жаппай қуғындады, халықты діни құндылықтардан мүлдем алшақтатуға тырысты. Олардың бұл ұстанымы – дарул куфр, яғни, дінсіз қоғам құру болатын.                             Мұхан Исахан                                                                                                                                                                                                                       Kazislam.kz 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: